Жобалау қызметі туралы ереже
жоба және зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
өмірлік құндылықтар мен жоспарларды қолдана отырып, қол
жеткізген нәтижелерді көрсету;
жоспарлау негізінде өз қызметін жүзеге асыру, бақылау және түзету;
мақсатқа жету үшін қолжетімді көздерді қолдану;
қиын кездерде құрастырмалы жоспарларды таңдау;
қоғамға қажетті, сұранысқа ие қызмет түрлерінен өнімдерді жасау;
жеке жобаны орындау мен жоспарлау үшін алған білімдерін, жан-
жақты ақпараттарды қолдана білу.
4. Жобалық жұмысты рәсімдеу 4.1. Келесі жұмыстардың әрбір түрі жобалық жұмыстың нәтижесі болады:
жазбаша жұмыс (эссе, сараптамалық материалдар, жүргізілген
зерттеулер туралы есептер, баяндамалар және т.б.);
компьютерлік анимация түрінде ұсынылған шығармашылық жұмыс
және т.б.;
материалдық нысан, макет, құрастырмалы заттар;
әлеуметтік жоба бойынша есептік материалдар (мәтін,
мультимедиялық өнімдер).
4.2. Қорғауға ұсынылатын жобаға міндетті түрде қажет:
жобалау қызметі бойынша қорғауға ұсынылатын өнім;
басып шығарылған құжат.
4.3. Басып шығарылған жоба түрі келесі элементтер болуы қажет (Б
қосымшасы):
Бастапқы бет (бастапқы бетінде жобаның түрі көрсетіледі)
Тақырыбы
Кіріспе. Кіріспеде жобаның өзектілігі, маңыздылығы, мақсаты,
міндеті, орындалу мерзімі көрініс табады. Кіріспенің көлемі – 1,5- 2
бет.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде тақырып бойынша ақпарат және
орындалған жұмыстар туралы жазылады.
Қорытынды. Бұл бөлімде жұмыстың қорытындысы жазылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша (презентация, көрнекілік, сценарий, фотосуреттер және
т.б.).
4.4. Жоба өнімі эстетикалық нормаларға сәйкес рәсімделеді.
4.5. Жобаның қағазға шығарылған нұсқасы төмендегі талаптарға сай
жазылады:
Негізгі мәтін: Шрифт Times New Roman, шрифт көлемі – 14, аралық
интервал – 1,5.
Тақырып: Шрифт Times New Roman, шрифт көлемі – 14.