Жобалау технологиясы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру негізі



бет1/2
Дата08.01.2023
өлшемі59 Kb.
#165133
  1   2
Байланысты:
жобалау технлогиясы3


Жобалау технологиясы – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру негізі.

Естігенімді ұмытамын,


көргенімді есте сақтаймын,
өз істегенімді –меңгеремін.
Конфуций.
Қазіргі ХХІ ғасыр – жоғары индустриялды, ақпараттық қоғам. Қазақстан ашық, демократиялық қоғам ретінде қалыптасу, даму жолын таңдады. Қоғам дамуының бүгінгі заман үрдісі жаһандану үрдісіне негізделеді. Ал қазірдің өзінде Қазақстанда мәдениет интервенциясы басталды. Бұл жағдай қоғамдық өмірде іс жүзінде көрініс алуда. [ 1:53 – 54 ]
Бұл мәселеде білім беру жүйесі шешуші рөл атқармақ. Білім беру жүйесінде ұлттық тәлім – тәрбиені іске асыратын қазақ этнопедагогикасы. Сондықтан қазақ ұлтының төл тума мәдени құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру, сол арқылы олардың ұлттық сана – сезімін, патриоттық сезімін ояту қажет. Мектеп жағдайында оқушыларға ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту керек. Осы тұрғыдан жүргізілген педагогикалық тәжірибеден жобалық оқыту технологиясы жетілді. Бұл жетілу үрдісі 6 жыл бойы қалыптасты. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «бірге үйрену» деген мағынаны білдіреді. [ 1:53 – 54 ]
Жобалау технологиясы – оқушының жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясы ХХ ғасырдың басында АҚШ – тың ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болды. Оның негізін салушы Джон Дьюй атты психолог және педагог, философ. [ 1: 53 – 54 ]
Д. Дьюйдің жобалық оқыту әдісі – оқыту үрдісінде өнімді оқыту идеясын жүзеге асыру құралы, онда оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау негізінде орындайды. Оқушылар тәжірибелік міндеттерді жобалауды өзіндік шығармашылық негізінде мұғалімнің көмегімен жүзеге асырады. Бұл жобалық оқытуды оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін, танымдық, шығармашылық белсенділік іс – әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді. Жобалау технологиясында негізгі ұстанымдар мыналар:

  1. Оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру, дамыту.

  2. Оқушының жеке қабілетіне орай танымдық, шығармашылық белсенділік іс – әрекетін қамтамасыз ету.

  3. Оқушы қажеттілігін қанағаттандыру.

Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс- қимылдар қолданылады. Ондай іс- қимылдарға мыналар жатады:

  1. Ғылыми таным әдістерін меңгеру ( талдау, салыстыру, ой –пікірлерді негіздеу, жинақтау, ой қорыту, бақылау, ғылыми ойлау, ғылыми түсіндірме, т.б. )

  2. Оқушының өзіндік ізденіс іс – қимылдары ( танымжорық, тәжірибелік іс – қимылдар, ғылыми әдебиеттер оқу, нормативтік құжаттармен танысу, талдау, қоғамдық өмірдегі құбылыстарды тану, бақылау, сөздіктермен жұмыс, эвристикалық әңгімелер, түрлі дарынды тұлғалармен кездесу, сұхбаттасу, ой – пікір бөлісу, жазба жұмыстары, эксперимент жүргізу және т.б.)

  3. Жобалық оқытуды ұйымдастырудың формасы ( пәндік үйірме, оқыту әдісі –жобалау, оқыту тәсілдері – ізденушілік, шығармашылық іс – әрекеттер, оқыту формасы – жеке – дара және топтық ) [2:110-111]

Мұғалім алғашқы кезінде оқушының даралық қабілетін анықтап алады. Ол үшін психологиялық диагностика, сауалдама, шығарма жазу, эвристикалық әңгіме, бақылау т.б. жұмыс түрлері орындалады. Жоба жұмыстары бойынша тақырып таңдауға көмек және оқушы көтерген мәселеге орай әдістемелік нұсқаау береді. Мақсатқа жетудің амал – тәсілдерін көрсетеді. Зерттеу жұмысына орай, зерттеудің кезеңдерін, мақсат пен міндеттерін, әдістерін ұғындырады. Зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, жұмыс жоспарын құрады, зерттеу көздерін көрсетеді, мерзімдерін бекітеді, ақпарат алу мен тасымалдау әдістерін үйретеді. [3:21 – 22]
Оқушылардың өз еркімен шығармашылық іс – қимыл жасауы олардың өзін – өзі тануына, өздігінен жетілуіне, өзінің ұнатқан білім негіздерін терең меңгеруге ықпалы зор.
Жобалау жұмысын ұйымдастыру барысы.



Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс - әрекеттер

Оқушылардың іс - әрекеттері

1


Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне ( егер ол болса) сүйене отырып, өз ойын орьаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2

Жоспарлау

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделігін тексереді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау, жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3

Зерттеу жұмысы

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке – жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы аалдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым – қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4

Нәтижені талқылау

Ақпаратты талдау, шешім щығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушының еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір – біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио – видио техниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгісін белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындайды.

5

Жұмыстың тұсау кесері







Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыларды сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

6

Бағалау және жоспарлау







Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет