Жобаның гипотезасы: Зерттеліп отырған жұмыс білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруге, интеллектіні дамытуды, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті зерттеу сапасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобаның зерттеу әдісі:
Жобаның әдістемесі:
Геометрия екі ұлы қазынаға ие. Оның бірі – Пифагор теоремасы, екіншісі – кесіндіні шеткі және орта қатынаста бөлу.
Егер үлкен кесіндінің үлкен бөлігінің кіші бөлігіне қатынасы барлық бөліктің үлкен бөлігіне қатынасына тең болса, Е нүктесі АВ кесіндісінің орта және шеткі қатынастарда бөледі немесе алтын қима жасайды.
Алтын бөлу туралы түсінікті ежелгі грек философы және математигі Пифагор өзінің ғылыми күнделігіне енгізген. Суретшілер, ғалымдар, дизайнерлер өз есептеулерін алтын қима заңдылығына сәйкестендіріп жүргізеді. Леонардо да Винчи өз туындыларын адам денесінің құрылымын зерттеу арқылы және алтын қима заңдылығын қолданып жасады. Француз сәулетшісі Ле Карбузье инженерлік құндылыққа саналатын архитектуралық жұмыстарын Фибоначчи формуласын қолданып жасады. Қазіргі архитекторлардың басты кітабы саналатын «Неуферт анықтамалығы» адамның дене құрылымындағы алтын қима заңдылығына негізделіп жазылған. Біздің денеміз алтын қима заңдылығына сай құрылған. Адам денесінің құрылымына алтын қимаға байланысты есептеулер жүргізсек, әрқашан 1,618 саны шығады. Адамның бет-әлпетінде де алтын қимаға байланысты мысалдар жетерлік. Бірақ сызғышты ала салып әрбір адамның бетін өлшеуге болмайды. Өйткені, ғалымдар, өнер адамдары, суретшілердің және мүсіншілердің ойынша, алтын қима заңдылығына сәйкес келетін бейнелер сирек кездеседі.
φ(const) = 1,618 – математиканың тамаша саны. Әйгілі неміс астрономы И.Кеплер өзінің еңбектерінде бұл санды «баға жетпес қазына» деп атайды. 1855жылы өзінің 25жылдық жұмысы мен үлкен тәжірибесінің нәтижесінде неміс физиологы Адольф Цейзинг 2000 адамның дене құрылысын зерттеу арқылы адамның дене құрылымында да «алтын қима» заңдылығына байланысты екенін анықтады. Египеттегі пирамидалар, да Винчи туындылары, күнбағыс, ұлу, шырша жаңғағының және адам саусақтарының арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыз? Бұның жауабы – Фибоначчи сандары. Фибоначчи сандары (1,1,2,3,5,8,13,21,34,55,89,144,233,т.б.) Ф саны 1,618 санымен тығыз байланысты. Ф санын «Алтын қима» деп атайды. Фибоначчи сандары – әрбір келесі мүшесі алдыңғы екі мүшесінің қосындысына тең болатын қайталама сандар тізбегінің (Фибоначчи қатары) элементтері. Фибоначчи сандарын 1202 жылы италиялық математик Леонардо Пизанский (Фибоначчи) тапқан. Фибоначчи сандарының маңызды бір ерекшелігі: осы қатардағы кез келген санды өзінің алдындағы санға бөлсек, әрқашан 1,618 саны шығады.
«Алтын қима» терминін XV ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи енгізген. Алтын қатынасты Леонардо өз өнерінде пайдаланған. Бірақ Леонардо да Винчи қазір «алтын қима» деп аталатын қатынасқа ешқандай атау бермеген. [2; 26б]
Жер шарының «алтын нүктесі» мұсылмандар үшін қасиетті жер – Мекке қаласы. Мекке қаласы мен солтүстік полюс арасындағы арақашықтық 7631,68км, ал Мекке қаласы мен оңтүстік полюс арасындағы арақашықтық 12348,32км, яғни бұл екі мәннің қатынасы 1,618 санына сәйкес келеді. Алтын үйлесімділік деген осы. Жердің алтын орталығы әлемнің кез келген картасында – бұл Мекке қаласы. Адам баласы толығымен түсіне алмайтын бұл барлық белгілер Алланың құдіретті күшке ие екенін көрсетеді. «Алтын үйлесімділік циркулі» деген атпен белгілі циркульмен өлшесек Мекке қаласы Араб түбегінің ортасында орналасқандығын анық көреміз. Сол мезетте Қағба Меккенің алтын нүктесі екенін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |