Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
«Су-тіршілік көзі» атты тақырып бойынша әңгімелесу. Барлық тіршілік иелеріне судың пайдасы мол екенін атау. Яғни, жер бетіндегі тіршілік иелерінің барлығы да сумен қоректенеді.
Өзенге шомылуға барғанда, ваннаға түскенде балалардың жанында ересектер болуы керек.
Ендеше, судың қандай пайдасы бар екенін ойын арқылы өзіміз байқап көрейік.
-Даладан үйге кіргенде біз не істейміз?
Қандай тазалық бұйымдарын қолданасыңдар?
Ойын: «Қуыршақты жуындыру».
Ойынның барысы: Балалар қуыршақтың дене мүшелерін қазақ тілінде атай отырып, қуыршақты жуындырады. Орамалмен сүртіндіреді. (Ойынға қыздар қатысады).
Сергіту жаттығуын орындайды:
Шаң боп үстім,
Суға түстім.
Сүңгіп алдым,
Сергіп қалдым.
Дидактикалық ойын: «Анаманың көмекшісімін». Ойынның барысы: қыздар ыдыстарды алып, шай қайнатып, тамақ пысырады. Ол үшін судың көмегін пайдаланады. (Қыздар қатысады).
Жаз мезгілінде аулада қандай гүлдер өседі?
Егер гүлдерге су құймасақ, не болады?
Ендеше, біз бүгін үйдегі гүлдерді суғарып, олардың шаңдарын сүртіп, оларға күтім жасайық.
Дидактикалық ойын: «Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау». Ойынның барысы: ұл балалар су құйғыштармен гүлдерді суғарады және жапырақтардың шаңдарын сүртеді.
«Гүлдер» туралы өлең айту.
Күнде, күнде, күнде,
Су құямын гүлге.
Гүлім өсті жайнап,
Жайқалып тұр айбат.
-Балалар, қандай көліктің түрі суда жүзеді?
-Тағы қандай көліктің түрін білесіңдер?
Дидактикалық ойын: «Батады ма батпайды ма?». Ойынның барысы: Ойында қағаздан жасалған кемелерді ұл балалар суға жібереді. Оның суға батып кетеді немесе батпайтынын көреді.
Бақылау: «Мұз және су». Бақылауда егер су суық жерде тұрса, мұзға айналады. Бақылау жасайды.
Күтілетін нәтиже. Жоба барысында, балалар судың пайдасы туралы көп біледі. Ойын барысында суды пайдалану қызығушылықтарын тудырады.
«Бала, бала, балақан» өлеңімен қорытындылау.
|
Ата, апа, әке, ана болады.
Беті-қолымызды сабынмен жуамыз.
-Сабын, орамал.
-Қуыршақтың шашын, бетін, қолын жуамыз.
Топ болып сергіту жаттығуын орындайды.
Қыздар көкөністерді алып, оларды кастрюлге салып, су құяды.
-Бақбақ, қызғалдақ, раушан өседі.
-Оларға су құймасақ солып қалады.
Ұлдар гүлдерді суғарады, шаңдарын сүртеді.
Топ болып өлеңді айтады.
-Кеме суда жүзеді.
-Ұшақ, тікұшақ, машина.
Ұл балалар қағаздан жасалған кемелерді суға жібереді.
Балалар мұздың суға айналуын бақылайды.
|