Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Жоғары құқық мектебі Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН» Жоғары құқық мектебінің директоры, з.ғ.д., профессор ___________________У.Шапак "____" _________ 20___ ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)
Модуль/пән атауы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Мамандық атауы: Құқықтану
Оқыту нысаны: күндізгі
№
Оқу сабақтарының түрлері
Курс/семестр
Дәріс (сағат)
30
Семинарлар/тәжірибелік (сағат)
15
СӨЖ (сағат)
67
СОӨЖ (сағат)
23
Емтихан
Барлығы (сағат)
135
Астана, 2014 ж. Түсіндірме жазба Идрышева Сара Кимадиевна – заң ғылымдарының докторы, профессор, оқытушының ғылыми зерттеу, қызығушылық салалары: азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, рим құқығы, отбасылық құқық, халықаралық жеке құқық, меншік құқығы, нотариат.
Татебаева Гульдаурен Саттыгуловна – заң ғылымдарының магистрі, оқытушы, оқытушының ғылыми зерттеу, қызығушылық салалары: азаматтық құқық, интеллектуалдық меншік құқығы, заттық құқық.
Пәннің сипаттамасы:Азаматтық құқық жоғары заң оқу орындарында оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылады. Пәннің негізгі орны қазіргі қоғамдағы азаматтық заңнаманың басқа пәндер арасында алатын маңызымен тығыз байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мығым негіздерін қалыптастыруға, тауар-ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде азаматтық заңнаманың көлемі басқа салалармен салыстырғанда ең ауқымдысы және күрделісі болып табылады.
Негізгі мақсат студенттердің негізгі азаматтық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдап білуі және азаматтық-құқықтық құралдарды іс-жүзінде қолданып білу тәжірибесі болуы қажеттігі.
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің құрылымын есепке ала отырып құрылған.
Оқу материалы бекітілген сатылы түрде оқуға қажет өзара байланысты институттардың бөлімдеріне бөлінген.
«Азаматтық құқық» (ерекше бөлім) пәнін оқытудың мақсаты оқылатын пәннің сипаттамасы және осы сала бойынша мамандар дайындаудағы орны арқылы айқындалады.
Пән азаматтық-құқықтық шарттардың, шарттан тыс, сондай-ақ конкурстық міндеттемелердің жеке түрлерің, интеллектуалдық меншік құқығың, мұрагерлік құқықты оқуға арналған. Соңында халықаралық жеке құқықтың кейбір жалпы ережелері қарастырылады. Тақырыптарды қарастыру Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) құрылымына сәйкес келеді.
Азаматтық құқықтың (ерекше бөлім) бұл бөлімін оқыту аса маңызды - азаматтық құқық пәнін оқытудың жалғасы болып табылады. Ерекше бөлімді оқыту кезінде жалпы бөлімдегі өткен сұрақтар одан әрі логикалық жалғасын табады.
Аға курс студенттерінің дайыңдығы ескеріле отырып (Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі екінші курста оқылады) сабақ беру барысыңда бірқатар мәселелі сұрақтарды қарастыру мақсаты да қойылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) осы үшін бірқатар негіз тудырып отырғаны келеңсіз жағдай.
Осының салдарынан оны оқу барысында кейбір нормалардың орны мен маңызы туралы немесе оларға қандай да бір өзгертулер мен толықтырулар енгізу турасында ой қозғалып талқыланады және аталған нормалар бағаланады. Бұл білім құқық қолдану кезінде немесе мемлекеттік емтиханға студенттердің дайындалуына ғылыми мәселелер төңірегінде хабардар болуына жәрдемдеседі.
Дәрістер мазмұны студенттерге теориялық тұрғысынан да, сонымен қатар нақты практикалық тәжірибеде кездесетін жағдайларды талдау арқылы түсіндіріледі, ол үшін әрбір тақырып бойынша дәріс барысында арнайы құқықтық есептер талқыланады. Және де әрбір дәріс процесінде студенттерге Азаматтық кодекстің нақты нормаларын пайдалану жөнінде қабілеттер үйретіледі.