- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. Әдебиет: - Гражданское право. Особенная часть. Том 1. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2002 - Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008 - Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2: Договоры о передаче имущества. – М.: “Статут”, 2000 - Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
- Идрышева С.К. Азаматтық құқық пәнінен дәрістер және әдістемелік нұсқаулар. www.civilian.clan.su сайтында
1. Ссуда шартының сипаттамасы, оның мүлікті жалдау шартынан айырмашылығы
2. Азамат Оспанов меншігіндегі теледидарының көрсету сапасы төмендегеніне байланысты оны теледидар жөндейтін арнайы шеберханаға жөндеуге тапсырады. Төлем ақысы есебіне ол шеберханаға алдын ала 2000 тенге беріп, ол туралы теледидардың атауы, төленген сомасы және тапсырылған күні, дайын болатын күні көрсетілген жазбаша құжат алады.
Тапсырыстың орындалатын күні Оспанов теледидарды алуға келіп, ол әлі жөнделмегенін анықтайды. Шеберхана қызметкері оған үш күннен кейін келуді ұсынады. Бірақта үш күннен кейін теледидардың көрсету сапасы қалпына келтірілмепті. Бұған себеп ретінде осындай теледидарларды жөндеу бойынша мамандандырылған шеберлер мұнда жоқ екендігі келтірілді.
Шеберхананың әкімшілігі Оспановқа алдын ала төлеген ақшасын қайтарудан бас тартады, себебі осы маркалы теледидарды жөндеу білетін маманды белсенді түрде іздеу салып, біраз шығынданғандықтарын келтіре отырып, теледидарын алып кетуге ұсынды.
Келтірілген азаматтық құқықтық қатынас қандай келісім шарт нормаларымен реттеледі? Бұл келісім шарт орындалу барысында ҚР АК-не қоса қандай заңнамалар қолдану қажет? Оспановтың құқықтарын қалайша қорғауға болады?