Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/19
Дата03.03.2023
өлшемі59,41 Kb.
#170980
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
AB @8O 07. 07. $8=0;


Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
________ «___»_________ №______ бұйрығына қосымша





Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер





  1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2 тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.

2. Бағдарлама Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тарих емес білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.

  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес пән бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (5 академиялық кредит) құрайды.





2-тарау. Оқытудың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері


4. Пәннің мақсаты – білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету.
5. Пәннің міндеттері:
1) Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр).
2) XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау.
3) Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу(XVIII - ХХ ғғ.басы).
4) Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.
5) Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.

6. Оқу нәтижелері:



  1. Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде көрсету.

  2. Қазақстанның өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарының көп өлшемділігіне, тарихи үдерістердің қарама-қайшылығы мен диалектикалық түсінігіне талдау жасау.

  3. Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жан-жақты, сыни тұрғыдан талдау, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан түсіну қабілетін дамыту.

  4. Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет