ПСИХОЛОГИЯ
АЛҒЫ СӨЗ
Пәннің бағытталуы. «Психология» пәні адамның жалпы психологиялық мәдениетінің қалыптасуына, өзінің өткенін, қазіргісін және болашағын психологиялық тұрғыдан саналауға, сонымен бірге, тұлғааралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар туралы білімдерді меңгеруге ықпал етеді.
Пәннің мақсаты – студенттерде кәсіби іс-әрекетте қажет болатын тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық теориялары мен практикасы аймағындағы әлеуметтік-тұлғалық және құралдық құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері. Курсты оқығаннан кейін студент мыналарды жасай білуі қажет:
- адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологиялық білімнің рөлі мен орнын түсіну;
- ұлттық сананы қалыптастыру және модернизациялау контекстінде тұлға және тұлғааралық қарым-қатынас түсініктерін сипаттау;
- тұлғаның құндылықты-мағыналық құрылымын талдау және сананы модернизациялау аясында өзін-өзі анықтау және тұлғалық өсу мақсатында негізгі приоритеттерін бөліп көрсету;
- мансапты жоспарлау және кәсіби жолды құру үшін психологиялық білімдерді қолдану;
- жеке психологиялық қасиеттерін, ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалау;
- үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде тұлғааралық қарым-қатынастың орны мен мәнін негіздеу;
- жеке және кәсіби тиімділігін арттыру үшін өзін-өзі презентациялау дағдыларын, стресс-менеджмент пен тайм-менеджмент дағдыларын қолдану, тиімді тұлғааралық қарым-қатынастағы өзінің стратегияларын жасау;
- жеке және кәсіби өзара әрекеттестікте болатын конфликтілік жағдайларды шешуде әр түрлі стратегияларды қолдана алу.
Достарыңызбен бөлісу: |