Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Бағалау деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Басқа тілдегі мәтінді ұйымдастырудың ережелерін сақтау. Жазбаша мәтіннің мазмұны мен көлемі (берілетін ақпараттың дәлдігі, нормативтік талаптарға сәйкестігі). Лексикалық қанықтығы,грамматикалық безендірілуі (этикет сөздердің дұрыстығы,орфография мен емле ережелерін сақтау).
Үйлесімді деңгей:
серіктесінің осы деңгейдегі коммуникативтік ниетін ым, ишара арқылы түсіну;
осы деңгейдегі өз коммуникативтік ниетін сөздік қоры жетпей қалған жағдайда көрнекіліктерді пайдалана отырып білдіру;
осы деңгейдегі сөйлеу/коммуникация формаларының авербалды және визуалды түрлерін таңдап алу;
коммуникативтік ниетін фото немесе суретте бейнеленген нақты деректерді пайдалана отырып баяндау;
Жоғары деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін дәлелдерді пайдалана отырып жалпы түсіну;
өз коммуникативтік ниетін оқып жатқан тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес дұрыс білдіре алуы;
сөйлеудің логикалық құрылымының жеткіліксіз түрінің сөйлеу/коммуникация формаларын таңдау;
кейбір деректер мен сілтемелерді пайдалануда коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
Орташа деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін тек жорамалдай түсінуі;
өз коммуникативтік ниетін шектеулі лексикалық бірліктерді пайдалана отырып жеткілікті түрде барабар білдіруі;
сөйлеу/коммуникация түрлері мен формаларын таңдау коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
кейбір деректерді пайдалануда интерференция салдарынан коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
талап етілген деңгейде талқыға түсуге қабілетсіздігі. Сөйлеу мінез-құлқы коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
Достарыңызбен бөлісу: |