Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Жеткілікті деңгей- (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А2 деңгейіне сәйкес)



бет93/157
Дата07.02.2022
өлшемі318,23 Kb.
#82083
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

4.2. Жеткілікті деңгей- (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А2 деңгейіне сәйкес)
4.2.1. Жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер когнитивтік, әлеуметтік мәдени және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
4.2.2. Жеткілікті деңгейде жиі қолданылатын сөйлеу формалары мен қатысым түрлері :
- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларында ақпарат алмасу жөніндегі диалог;
- іс-әрекетте түрткі болатын диалог.
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: ой - пікір элементтері бар сипаттама, хабарлама.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: толық хат, жеке хат, құттықтау хаты, сауалнама, формуляр, кеден декларациясы, ой-пікір элементтері бар баяндама жоспары.
4.2.3. Жеткілікті деңгей дескрипторлары :
- Коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында:
- бағдарламада көзделген қарым-қатынастың ең кең таралған стандарттық жағдаяттарындағы нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге сүйене отырып, тілдік материалды өзгерту, құбылту және байланыстыру қабілеті мен даярлығы;
- Диалог барысында:
- оқытушымен, курстастарымен және басқа да адамдармен қарым-қатынаста күнделікті қарапайым жағдаяттарда ешқандай ерекше күш-жігер жұмсамай –ақ әңгімелесуді жүзеге асыра алады;
- әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени және оқу - кәсіби салаларында ақпарат алмасу үшін қарапайым фразалар мен сөйлемдерді диалогта қолданады;
- айтылған ұсынысқа жауап беру және өз бастамашылық көрсету және әңгімелесушінің әрекет етуіне ұйытқы болу, серіктеспен келіспеу немесе келісу.
- Монолог барысында:
- бірқатар фразалар мен сөйлесімдерді қолдана отырып, өз достарын, тұрғылықты орын жағдайларын, тамаққа қатысты қалауларын, өзінің бос уақытын, қаладағы бағыт-бағдарларды, отбасылық және ұттық мейрамдарды және т.б. толығырақ сипаттау;
- сюжеттік суретті өз бетінше сипаттау;
- оқыған мәтіннің мазмұнын өз ұстанымын білдіре отырып элементарлы деңгейде қысқаша баяндау;
- өткен тақырыпқа қатысты 10-15 фраза көлемі бойынша шағын хабарлама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында:
қарапайым қысқа хат, қысқа жеке хат жазу, рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып формулярды толтыру, өзінің күн тәртібін құрастыру және жазу, өзінің қалауларын, өмірбаянын, ағымдағы оқиғаларды және т.б. қарапайым түрде сипаттау;
оқыған мәтінге жоспар және мәтін, тақырып бойынша өзінің сөйлейтін сөзінің қысқаша тезисін құрыстыру және жазу және т.б.
Тыңдап түсіну барысында:
таныс тақырыпта сөз болған жағдайда, тікелей қарым-қатынаста өзге адамның айтқан сөзінің жалпы мазмұнын түсіну;
фондық әлеуметтік мәдени білімдерге, оқыған лексикалық және грамматикалық материалға, сонымен қатар мағыналық контекстік болжамға сүйену;
өзінің жеке қарым-қатынас салаларына тікелей байланысты, мысалы жеке тұлғалық және отбасылық деректерге, дүкенде сауда жасау, атқаратын іс және т.б. қатысты жиі қолданылатын лексика мен фразаларды түсіну;
қысқа, анық және қарапайым хабарламалар мен хабарландырулардағы негізгі ақпаратты түсіну.
Оқу барысында:
өткен тақырыптар шеңберінде әрекеттік күрделіліктің жоғары емес деңгейінің міндеттерін орындау бойынша нұсқауларды қамтитын мәтіндерді оқу;
қос тілді сөздіктермен және басқа да анықтамалармен жұмыс істеу, оларда жұмыста дұрыс бағыт-бағдар таба білу;
өзінің оқу тәжірибесіне, соның ішінде ана тілінде оқу тәжірибесіне сүйену;
тілдік және мағыналық болжамды дамыту;
өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.
4.2.4. Жеткілікті деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет