Микро әлеуметтанулық деңгейде негізгі теория символикалық интеракционизм теориясы болып табылады. Бұл теория өкілдерінің пікірінше адамдар сыртқы дүние әсеріне белгілі бір мән береді.
Макро әлеуметтанулық деңгейде негізгі екі теория бар: функционализм және конфликтология (дау-жанжал) теориясы. Функционалистер пікірінше қоғам бір-бірімен өзара байланысқан және әрқайсысы жалпыға өз әсерін тигізетін бөліктерден тұрады. Конфликтология теориясының өкілдері қоғамдағы билік бөлінісіне басты назар аударады. Бұл теориялар туралы кейінгі бөлімдерде толық қарастырамыз.