Мына суретте «сынаталтын» сөзі – сыналатын болып ауыстырылсын!!!
6.12-сурет.
Ауыспалы кернеудің ағып кету тоғы сынауының сұлбалық бейнесі
.
Гидравликалық майды пайдалананумен үзілу кезіндегі беріктік сынауы үш рет орындалуы керек.
Май қақпағының сызатының мөлшері 2,5 (мм), ал кернеу жылдамдығының артуы 2 (кВ / с) (тұрақты
жылдамдық) болады. Әрбір үзілістен кейін, электродтардың ортасы бұрын дайындалған шыны
сабақпен немесе үзілу нәтіжесінде пайда болатын бос көміртектерді алып тастауға арналған басқа
құралдармен бірнеше рет арастырылады. Гидравликалық май 1 мен 5 минут аралығында
тұндырылады (көпіршіктер жоғалып кеткенше). Гидравликалық май үзіліс кезінде әрбір кернеу
кемінде 10 (кВ) болғанда және 6 сынау ішінде үзіліс кезінде орташа кернеу 20 (кВ) кем емес болған
жағдайда талапқа сай болады.
5) Резеңке оқшаулағыш гильзадағы сынау
Көтергіш құрылғының оқшаулағыш резеңке гильзадағы үлгі сынауларына механикалық тозу сынауы,
гидравликалық сынау, май кемуі сынауы, ұзындықты өзгерту сынауы, суық жағдайларда бүгілу
сынауы, электр қасиеттері сынауы және зақымданудан кейінгі сынау кіреді.
i) Механикалық тозу сынауы. Резеңке гильзасы метал жең орнатылған жерлерде қысымның
өзгеру циклінің сынауынан өтуі тиіс және бүгілуге сынаудан өткізілуі керек. Сынаудың
сұлбалық бейнесі 6.13-суретте көрсетілген.
ii) Гидравликалық сынау. Көтергіш құрылғының резеңке гильзасының әрбір секциясы үлгіге
және оның тағайындалуына сәйкес гидравликалық сынаудан өтуі тиіс. Гидравликалық сынау
резеңке гильзалары бар құрылғыда жұмыс қысымынан 120%-ға дейінгі қысымды жасау
жолымен, қысымның ұзақтығы 3-тен 60-қа (с) дейін болуымен жүзеге асырылады. Барлық
құрылыста майдың кемуі немесе зақымданулар болмауы керек.
130
6.13--сурет.
Бүгілуде қысымды жасаумен резеңке гильза сынауының циклы.
iii) Май кемуіне сынау. Берілген минималды жарылыс қысымының 70% -ы құрылғыға резеңке
гильзасының (5 ± 0,5) (с) ішінде беріледі. Резеңке гильзасында зақымдалулар немесе май кемуі
болмаған жағдайда, талаптарға сәй деп санауға болады.
iv) Ұзындық өзгеруіне сынау. Екі құбырлық жеңдері арасында ұзындығы кем дегенде 300 мм
болатын резеңке гильза болуы керек. Жұмыс қысымының жүз жиырма пайызы тоқтау алдында
30 (с) ішінде резеңке гильза қолданылады. Қысым беруді тоқтатқаннан кейін резеңке гильза
қалыпты күйіне 30 (с) ішінде қалпына келтіріледі. Содан кейін резеңке гильзаның сыртқы
жағында жеңнен 250 мм аралықта болатын белгі қойылады. Жұмыс қысымының 120% резеңке
гильзасына 30 секунд бойы қайта берілсе, құбыр жеңі мен белгі арасындағы қашықтық
өлшенеді. Егер ұзындығы бастапқы ұзындығының 5% -ынан аспайтын болса, резеңке гильзаны
талаптарға сай деп санауға болады.
v) Суық жағдайларда бүгілу сынауы. Резеңке гильзасы немесе резеңке түтікшесі бар құрал
температурасы -25 °C ортаға 24 сағатқа орналастырылады. Сынау үлгісі осы жағдайларда
тізбекті және бірқалыпты бүгілуі керек. Бүгілудің диаметрі резеңке гильза бүгілуінің рұқсат
етілген диаметрінен екі есе көп. Ішкі диаметрі 25,4 мм-ге тең немесе одан асатын резеңке
гильзаның бүгілу дәрежесі 90° құрайды. Бүгілу 8-12 секунд аралығында жасалуы керек.
Бүгілуден кейін сынау үлгісін бөлме температурасына орналастырады. Түтік бөлме
температурасында қалпына келтірілгеннен кейін, май ағып кетуін тексеру алдында
зақымдануын тексеру керек. Резеңке гильзасында зақымдалу немесе май кемуі болмаған
жағдайда, талаптарға сай деп санауға болады.
vi) Электрлік қасиеттерін тексеру. Бұл сынау жерге тұйықталған бөлік пен оқшауланған себет
арасындағы кернеудегі жұмыс жасағанда кернеуге төзімді резеңке гильзаларға (соның ішінде
оптикалық-талшықты кабель немесе теңестіргіш тартқыш қарнақ (штанга)) қолданылады және
монтаждау алдында орындалуы керек.
vii) Зақымданудан кейінгі сынаулар. Резеңке гильза зақымданған жағдайда кернеу астында
жұмыс істегенде кернеуге төзімді резеңке гильзаның электрлік қасиеттері бұзылуы мүмкін.
Ауыр зақымдану жағдайында резеңке гильза күйіп кетуі мүмкін.
6) Материалды көтергіш құрылғының оқшаулағышында сынау. Материалды көтергіш құрылғының
оқшаулағышында сынауға жеткізу кезіндегі типтік сынау және инспекциялық бақылауды орындау
кіреді.
i) Оқшаулағыш буынды және оқшауланған себетті жасауға пайдаланатын оқшаулағыш
материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін тексеру қажет, соның ішінде
тығыздығын, суды сіңіру қабілеттілігін, Мартенс термиялық тұрақтылығын, тұтанғыштығын
және климаттық жағдайларға төзімділігін тексеру қажет.
ii) Оқшаулағыш буынды және оқшауланған себетті жасауға пайдаланатын оқшаулағыш
материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін, соның ішінде меншікті көлемдік
электрлік қарсылықты, меншікті беттік электр қарсылықты, диэлектрлік шығындар
бұрышының тангенсін, салыстырмалы диэлектрлік өтімділікті, диэлектрлік беріктігін, қысу
сынауын, бүктелу сынауы және соққы кезіндегі беріктік сынауын тексеру қажет.
131
2) Сынаулар циклі мен стандарттары
Оқшаулағыш буыны бар көтергіш құрылғысын алдын ала сынау 6 айда бір рет жүргізіледі. Сынақ
стандарттары 6.2-6.5-кестелерде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |