7
Мысалы, 90-жылдардың басында Ұлттық қорғаныс технологияларының университеті
кернеумен жұмыс жасауға арналған роботтарды әзірлеу туралы техникалық
есеп берді және сол
уақытта қажетті жағдайлардың болмауы салдарынан бұл жұмыс сәтсіздікпен аяқталды. Бірнеше
жылдан кейін ғылым мен техниканың дамуымен қатар, адамдардың сенімді электрмен жабдықтауға
жоғары талап қоюының нәтижесінде кернеумен жұмыс жүргізуге арналған Қытай роботтарын жасау
үшін тәуелсіз әзірлемелер жүргізетін уақыт келіп жетті. 1999 жылы Шаньдунь электр энергетикалық
компаниясы Қытайда алғаш рет кернеумен жұмыс жасауға арналған робот-манипуляторлар жобасын
бастады. Сол жылдың соңында бұл жоба бұрынғы Мемлекеттік энергетикалық корпорацияның 1999
жылғы ғылыми-зерттеу жобаларының екінші топтамасына енгізілді. Осылайша, аталмыш
Корпорация Шаньдунь электр энергетикалық ғылыми-зерттеу
интистутына кернеумен жұмыс
жасайтын робот-манипулятордың алғашқы түпүлгісін әзірлеу туралы тапсырма берді. 2002 жылдың
наурызында кернеумен жұмыс жасау үшін арналған робот-манипулятордың алғашқы қытайлық
түпүлгісі табысты жасалды. Роботтың бұл түпүлгісін әзірлеу алдында Қытайдың электр
желілеріндегі нақты жағдайға сәйкестендірілген, кернеумен жұмыс жасау үшін
арналған роботтар
өндірісі үшін көшірмелі басқару («ертуші-еріп жүруші» әдісімен басқару») роботтары саласындағы
зерттеулер мен әзірлемелер жүргізілді. Түпүлгінің көптеген сипаттамасы кернеумен жұмыс жасауға
арналған бірінші және екінші буындағы шетелдік робот-манипуляторларының арқасында болды.
Басқаша айтқанда, роботтың түпүлгісін адамның компьютермен жергілікті іс-қимылымен
интеллектуалды басқару технологиясы арқылы оқшауланған кабинада
жұмыс жасайтын оператор
басқарды. Коммерцияландырылған түпүлгіні зерттеу 2005 жылы аяқталды, коммерцияландырылған
түпүлгіні сынамалы пайдалану Шаньдун провинциясының Цзинин округінде және Шаньси
провинциясының Чанчжи округінде басталды. Ол келесі жағдайларда пайдаланылды: жұмыс
кернеуінің класы 10 кВ және одан да төмен, оқшаулағыш қорғанышының стандарты 45 кВ, жұмыс
биіктігі 19 метр.
1.2.4
Достарыңызбен бөлісу: