Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі



бет1/4
Дата25.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#12325
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 11 наурыздағы № 210 Жарлығымен бекітілген
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия туралы ережеде:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау;».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

______________________________


Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 11 сәуірдегі № 233 Жарлығымен бекітілген
«Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»;

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мына жоғары оқу орындарына:»;



2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

______________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы № 158 қаулысымен бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін  ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.»;

4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты);»;

11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

______________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысымен бекітілген
«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Қоса беріліп отырған Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Осы Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және маманды  жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«2) жас маман – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған азамат;»;

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылда, кентте, ауылдық округте (бұдан әрі – ауылдық жер) орналасқан тиісті мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде немесе мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: 

«3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.»; 

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«4. Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтейді.»;

89 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ЖОО-лар жыл сайын түлектердің санын, тұрғылықты жерлерін, алған мамандықтары мен оқу тілін көрсете отырып:

ауыл жастары қатарындағы азаматтарға ұсынылатын квота шегінде;

мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен ағымдағы жылдың түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ЖОО-лардың ұсынған өтінімдеріне сәйкес ЖОО-ларға:



ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медициналық ұйымдарда;



меншік нысанына қарамастан ұйымдарда кадрларға қажеттілік туралы тоқсан сайын ақпарат береді;

3) ЖОО-лар облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында олардың бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды;

4) ЖОО-ларда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссия құрылады.

9. Жас мамандарды бөлу жас маманның алдағы уақытта жұмысқа орналасатындығы және ол жұмыс орнына келгенге дейін бос орынның сақталатындығы туралы жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.



10. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 қыркүйектен кешіктірмей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.»; 

12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан адамдарға;»;

16-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Жас мамандарды және философия докторларын (Phd) бөлген сәтке бос жұмыс орындары жоқ болған жағдайда, жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жері бойынша жұмыссыз ретінде есепке қоюға жатады.»;

2021 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Бірнеше жас маманды және философия докторларын (РhD) бір бос жұмыс орнына жіберуді болдырмау мақсатында Бөлу жөніндегі комиссиялар құрылған тиісті ЖОО-лардың жұмысқа жіберілген жас мамандардың және философия докторларының (РhD) алдын ала тізімдерін жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберуі арқылы оларды алдын ала бөлу жүзеге асырылады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда жас мамандарды және философия докторларын (РhD) бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісуден кейін жүргізіледі, бұл ретте оқу үлгерімінің орташа балы және ЖОО-лардың орналасқан жерінің болжамды бөлу орнына жақындығы назарға алынады.

21. Жас мамандарды және/немесе философия докторларын (РhD) дербес бөлу тиісті Бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ресімделеді, соның негізінде ЖОО-лар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамаларды дайындайды. Бұл ретте, мамандарды және философия докторларын (РhD) олардың жұмысқа бөлінуі туралы хабардар етуді жұмысқа жолдамалар беру арқылы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ЖОО-лар жүзеге асырады.

22. Заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңмен көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас маман және философия докторы (РhD) оны оқытумен байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агенті арқылы бюджетке өтейді.

27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайда адамдар;».

2. Осы қаулы, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

______________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ:

мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

2526-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының шеңберінде: 3-сыныпта жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта – 10 сағат бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 6, 8, 9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 15 сағаттан дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының шеңберінде 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.

26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;

353637-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Оқу жылының ұзақтығы 3, 4, 6, 8-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

37. Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Пәндік нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде 
8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.»;


50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Оқу пәндерін меңгерудің жетік (ықтимал және бейіналды/бейіндік) деңгейлері білім алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгерудің ықтимал деңгейі 6, 8-11-сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша іске асырылады. Оқу пәндерін меңгерудің бейіналды (8-9-сыныптар) және бейіндік (10-11-сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы 24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақталған мектептерде – сабақ өткізу кезінде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 6, 8-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы орыс тілі;

4) 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы шетел тілі;

5) 6, 8-11-сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер;

7) 6, 8-11-сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

8) 6, 8-11-сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде сыныпты 2 топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.»;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға  2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 4-қосымшағасәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға  5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз үшінші абзацтарын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын, 7-қосымшаның 10-тармағының 1) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 7-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

______________________________


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 ақпанда № 13010 болып тіркелді
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет