Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет155/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

7.11-кесте
Екі тізбекті аспалы тіректі және тарату-трансформаторлық платформаны орнату 
үшін қажетті құрал-саймандар мен материалдар. 
Атауы 
Саны Атауы 
Саны 
Оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш 
құрылғы

Оқшаулайтын қаптама 

Автокран 

Оқшауланған қорғайтын шлем 

Оқшаулайтын тіректі қарнақ 
(штанга) 

Диэлектрлік биялай 
Екі жұп 
Оқшаулайтын тірекке арналған 
оқшауланған пакет 

Қорғайтын қолғап
Екі жұп 
Оқшауланған жылжымалы қарнақ 
(штанга)

Оқшауланған жұқа арқан

Оқшаулайтын жабын
10 
Ішкі телефон байланысы (Интерфон) 4 
Оқшаулайтын жабын қысқышы
20 
Оқшаулау кедергісін өлшеуіш 

Оқшауланған арқан

Т/б опора немесе металл траверс 
және кронштейндер
Тіректер үлгісіне 
байланысты 
Сымның экрандаушы жабыны
24 
Тіректі немесе фарфорлы траверс
Тіректер үлгісіне 
байланысты 
 
Рұқсат етілген ең аз арақашықтық 0,4 м. Электрмонтерлар біркелкі күш сала отырып
сымдарды оқшаулайтын төлкелермен ұқыпты жауып, оқшаулауы тиіс.
5)
Тіректі орнату алдында мұқият дайындалу керек. Т/Б тіректі жер үстінен шамамен 1 м көтерген 
кезде жердегі жұмысшылар бірлесіп орнатылатын тірек үшін траверстерді, кронштейндер және 
оқшаулағыштарды орнатады және көтеру нүктесі, траверс, кронштейн мен оқшаулағыштан 
жоғары орналасқан Т/Б тіректерді оқшаулау үшін оқшаулайтын қалқалайтын жабындыны 
пайдаланады. Қайта орнатылған жабдық берік бекітілуі тиіс, ал оқшаулайтын қалқалайтын 
құралдар сенімді, әрі талаптарға сай орнатылуы тиіс. Аспалы бақылайтын арқандарды тіректің 
үстінгі бөлігіне бекіту керек. Тірек іргетастарының арматуралық білектері жерге тұйықталуы тиіс. 
Т/Б тіректі орнатқаннан кейін жерге тұйықталған сымдарды және бөлшектерді шұңқырдың түбіне 
түсіру және жермен көму керек.
5) Жаңа тіректі орнату. 
i) Жұмыс жетекшісінің нұсқауларын сақтай отырып, кран баяу жаңа тіректі көтереді. Жердегі 
жұмысшылар аспалы арқандардың көмегімен оның шетке ығысуын азайту, сымдармен 
жанасуын болдырмас үшін тірек қозғалысын басқарады. Жердегі жұмысшылар сондай-ақ 
кранға тіректі баяулап шұңқырға жылжытуға көмектеседі.
Тірек сенімді орнатылуы тиіс, сонымен қатар орнату кезінде тіректің барлық бөліктеріне 
салынатын күшке ерекше назар аударған жөн. Арнайы тағайындалған адамдар бақылаушы 
аспалы арқандарды қадағалауы тиіс және жұмыс жетекшісінің нұсқаулықтарын сақтауы керек. 
Тіректі көтерген кезде кернеулі бөліктерден арақашықтық кем дегенде 2,0 м құрауы тиіс. 
Тіректі көтерген кезде сақтық таныту керек. Кран операторы және тіректі бағыттау үшін 
жауапты жұмысшылар диэлектрлік аяқ киімде және диэлектрлік биялайда болуы тиіс. Одан 
басқа, оператор тіректі көтерген кезде кран потенциалына тең келетін потенциалды сақтау үшін 
краннан алыстай алмайды.
Жетекшіні және жауапты қызметкерді қоспағанда, операцияға қатысы жоқ қызметкер тірек 
биіктігінен 1,2 есе алысырақ қашықтықта болуы тиіс және тіректі орнатқан кезде көтеру 
аймағында жүруіне немесе болуына тыйым салынады.
 
ii) Тіректі орнатқаннан кейін және әрі қарай реттеу үшін оған құм салу керек және 7.10(b)-
суретте көрсетілгендей жерді нығыздап, тегістеу керек. 
6)
Сымдарды бекіту. 
i)
Оқшаулайтын себеттегі электрмонтерлар бірлесіп күш сала отырып, оқшаулағыштардың 
траверстерінде орнатылған екі тізбекті желі тараптарының әрқайсысына сымдарды 
орналастырады. Олар 7.10(c)-суретте көрсетілгендей бекітілгенге дейін сымдарды көтергіш 
ілмектен шешіп алуға болмайды. Орындау үшін ыңғайлы тәсілдегі тәртіпте сымдарды жалғау 
керек.
ii)
Жаңа тірек берік орнатылғанына көз жеткізгеннен кейін кранды жұмыс аймағынан шығару 
керек.


182 
7)
Оқшаулайтын жабындыны шешу және жерге түсіру.
Жұмыстан кейін сымдарда және тіректе ешқандай заттың қалмағанына көз жеткізу керек. 
Содан кейін оқшаулайтын жабындарды шешіп алу қажет.
4) Сақтық шаралары
Сақтық шаралары негізінен бір тізбекті аспалы тіректі орнату кезіндегі шаралармен ұқсас. Алайда, 
мынаны айта кету керек, екі тізбекті желідегі тіректің компоненттері анағұрлым тығыз 
орналасқандықтан және олардың арасындағы арақашықтық аз болғандықтан, оқшаулайтын және 
оқшаулағыш жабындар берік әрі тұтас болуы тиіс.
Жоғарыда аты аталған қадамдар екі тізбекті аспалы тіректі қалай орнату керектігін сипаттайды. 
Қажет болған жағдайда тарату-трансформаторлық платформаны орнату, өз алдына екі-тіректі 
трансформаторлық платформа болып табылатын қосымша аспалы тіректі орнату үшін келесі іс-
әрекеттерді орындау керек. Трансформаторлық платформаның барлық қабаттарындағы 
құрылғылар құрылғылар мен кернеулі бөлшектер арасындағы жеткілікті қауіпсіз арақашықтық 
болған жағдайда ғана орнатылады. Содан кейін платформаны желімен жалғау және қуат көзін іске 
қосу үшін кернеулі жүтемесіз бұрмалы тұйықтағыштарды қосу әдісі пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет