Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету


 Кернеудегі абоненттік желінің сымдарын жөндеу



Pdf көрінісі
бет173/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165
Қосымша 1, Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі., Т кенова Ба ытг л Т , Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар-engime.org, Лекция 9. Магнит өрісі. Ампер заңы
8.2.3 Кернеудегі абоненттік желінің сымдарын жөндеу
 
Кернеудегі абоненттік желілердің сымдарын жөндеу әдетте абоненттік желілерден бас 
тартқанда шұғыл жағдайларда жүргізіледі. 
1) Жұмыс басталар алдында құралдар және материалдарды тексеру. 
2) Жұмыс алаңын зерттеу, кернеуде болатын желілермен жұмыс үшін шарттарды 
қанағаттандыратынын тексеру және қандай шараларды қабылдау керектігін анықтау. Жұмыс 
тапсырмаларын тағайындау және алаңдағы сақтандыру шараларын сипаттау. 
3) Қорғау автоматын ағыту (ажыратқыш ауыстырып-қосқыш) және абоненттік желінің 
зақымдалған сымдарына жалғанған барлық электр жүктемелерді ағыту. 
4) Зақымданған абоненттік сымның нөлдік және фазалық сымын анықтау Осыдан кейін келесі 


206 
екі жағдайларға байланысты сай келетін техникалық тәсілдерді таңдау. 
1) Егер зақымданған абоненттік сым фазалық сымдарға жатса, оны зақымдану 
нүктесіндегі жүктеме жағындағы позицияға жалғау. Келесі жұмыс төмен кернеулі абоненттік сым 
және желі кернеуінде болатын қосылу әдісіне байланысты жүзеге асырылады. 
2) Егер зақымданған абоненттік сым нөлдік сымдарға жатса, оны зақымдану нүктесіндегі 
қуат көзінің жағынан позицияға жалғау, одан кейін жалғастыру үшін жақын жүктелген бөліктегі 
жабдықтың түйіспесіне абоненттік сымды тарту (негізінен, бұл жүктеме жағындағы қызмет көрсетуді 
қалпына келтіру үшін керек). 
5) Абоненттік сымды жөндегеннен кейін абоненттік жақтағы ажыратқышты, сондай-ақ 
қалыпты қуат көзін қалпына келтіру. 
8.2.4 Үш фазалы төрт сымды желідегі электр есептегішті кернеудің астында ауыстыру
 
8.2.4.1 Кернеудегі үш фазалы төрт сымды желідегі трансформаторы жоқ электр 
есептегішті ауыстыру
1) Жұмыстарды жүргізуді бастар алдында тапсырмалардың тиісті тізімін қолдану (немесе 
наряд-тапсырма), сондай-ақ құралдар мен материалдарды тексеру. 
2) Жұмыс алаңын зерттеу және оның кернеуде болатын желілермен жұмыс үшін шарттарды 
қанағаттандыратынын тексеру, сондай-ақ қандай шаралар қабылдау қажеттігін анықтау. Жұмыс 
тапсырмаларын тағайындау және алаңдағы сақтандыру шараларын сипаттау. 
3) Тапсырмалар тізіміне сәйкес жұмыс істейтін абоненттің (электр) есептегішінің инвентарлық 
нөмірін тексеру. 
4) Электр разрядтардың болуына электр есептегішті тексеру. Есептегіш және жер арасындағы 
потенциалдардың айырмашылығының жоқтығын тексеру үшін электр сүңгішті пайдаланған 
жағдайлардан басқа кезде электр есептегішке жақындамау. Шығыс ажыратқышты немесе 
ажыратқыш ауыстырып-қосқышты ағыту. 
5) Есептегіштің есігін ашу және есептегіштің қалыпты жұмыс істейтінін және оның толығымен 
пломбаланғанына көз жеткізу үшін тексеру (соның ішінде тексеру пломбасы). 
6) Есептегішке кіретін және қуат көзінен келетін электр есептегіштің тарату қорабындағы 
фазалар реттілігін тексеріп, «фаза A

фаза B

фаза C

N (нөлдік сым)» сымдарды фазалық ағыту 
үшін «фаза A

фаза B

фаза C» тәртібін есептегіштен келетін сымдарды ағыту үшін сақтау. 
Түпнұсқа есептегішті ағыту, одан кейін есептегіштің кіріс және шығыс сымдарын алу, оларды 
фазалардың бастапқы реттілігін қамтамасыз ету үшін фазалық түсті таңбалауы бар оқшауланған 
төлкелермен жабу. 
7) Тапсырмалар тізіміне сәйкес абоненттің (электр) қайта орнатылған есептегішінің 
инвентарлық нөмірін тексеру. Жақсы бекітілуі тиіс ескі есептегішті жаңаға ауыстыру. Бәрінен бұрын 
есептегіштің тиісті клеммалары бар есептегіштің шығатын сымдарының фазалық қосылыстары үшін 
«фаза C

фаза B

фаза A» тәртібін сақтау. Одан кейін есептегіштің тиісті клеммалары бар қуат 
көзінің кіріс сымдарн фазалық қосу үшін «N (нөлдік сым) 

фаза C

фаза B

фаза A» тәртібін 
сақтау. Жалғастыру муфтасының металл бөлігі жалаң болмауы тиіс. 
8) Орнатқаннан кейін сымның қосылу дұрыстығын, сондай-ақ еептегіштің өзінің жүрісі барын 
тексеру және растаңыз. Нақты уақытта есептегіштің жұмысын тексеру. Тарату қорабының қақпағын 
және сыртқы есікті пломбылаңыз. Ескі есептегіштің көрсеткіштерін жазу; абонент зақымдану 
белгісіне қол қоюы және оларды тексеруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет