Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет126/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.3.2.4 Сомын кескіші 
 
Таратушы желісіндегі тоттанған немесе орнығып қалған сомындар сомын кескішімен 
жойылуы керек. Сомын кескіші 6.30-суретте көрсетілгендей, мотордан, қуат ажыратқышынан, жұмыс 
басынан, жетек механизмінен, сыртқы корпустан, тұтқасынан, аккумулятордан және зарядтағыштан 
тұрады. Қуат көзі ретінде жоғары энергияны тұтынатын батарея пайдаланылады, бұл себептен кескіш 
аспаптың салмағы төмен болғандықтан, оны пайдалану жоғары биіктікте жұмыс істегенде қолайлы. 
Соным кескіші компактты және пайдалануға оңай. Ол соным мөлшеріне икемделеді. Сонымдардың 
ені 17 (мм) -ден 36 мм-ге дейін өзгереді. Сонымдарды бұзу үшін қажетті уақыт шамамен 10 секунд. 
Сонымен қатар, жұмыс басы 360° айналады және әртүрлі бұрыштарда жұмыс істеуге жарайды. 
6.3.2.5 Бұрандама кескіші 
Электр бұрандама кескіші 6.31-суретте көрсетілгендей, мотордан, қуат ажыратқышынан
жұмыс басынан, жетек механизмінен, сыртқы корпустан, тұтқасынан, аккумулятордан және 
зарядтағыштан тұрады. Робот жұмыс істеуге ыңғайлы электрлік бұрандама кескішін пайдаланады. 
Басқару блогын қашықтан басқару үшін электрлік бұрандама кескішінің электр білігін соңында 
орнатуға болады. 
6.30 -сурет.
. Сомын кескіші 
6.31 -сурет.
Бұрандама кескіші 


147 
6.3.3 Оқшауламаның функционалдық сипаттамаларын сынау 
Оқшауламаның функционалдық сипаттамалары робот-манипулятор қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Төменде 10 (кВ) тарату желілерінде жұмыс істейтін 
роботтар үшін сынау стандарттары берілген. 
6.3.3.1 Манипуляторлардың оқшаулау қасиеттерін сынау 
1) Айнымалы ток кернеуіне төзімділікті сынау 
6.32 және 6.33-суретте көрсетілгендей, айнымалы ток кернеуіне төзімділік тесті екі 
оқшаулағыш манипулятор қолдарында, сондай-ақ манипуляторлар мен платформалардың арасында 
орындалады. Екі оқшаулағыш манипуляторда кернеуге төзімділік тестін орындау үшін бір 
манипулятордың соңына айнымалы ток кернеуін қолданып, екіншісінің соңын жерлендіріп қойыңыз. 
Кернеудің қолданылатын деңгейлері 6.10-кестеде көрсетілген. 
2) Ток кемуін сынау 
6.34 және 6.35-суретте көрсетілгендей, айнымалы ток кернеуіне төзімділік сынауы сияқты
ток кемуі сынауы екі оқшаулағыш және манипуляторлар мен платформалар арасында орындалады.
Екі сынау кезінде сынақ электродында өткізгіш жабысқақ таспаның 12,7 (мм)-і қолданылады. 
Қолданылатын кернеу деңгейлері және рұқсат етілген ток кемуі коэффициенттері 6.10-кестеде 
келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет