141
6.22-суретте
көрсетілгендей, екі дәрежелі бостандықтағы (DOF) бірінші ұрпақ роботтары
қолмен басқару арқылы жұмыстарды
орындауға арналған жән, қозғалтқыш немесе гидравлика
арқылы басқарылады. Техник биіктікте орналасқан оқшауланған
себетте жұмыс істейді және
жұмыстың барысын бақылайды. Роботты пайдалану үшін кем дегенде үш қызметкер қажет. Біреуі
биіктікте механикалық қолды тікелей басқарады, екіншісі қашықтан басқару құралымен жерде көмек
көрсетеді, ал үшіншісі қауіпсіздікті бақылайды. [13]
Еңбектің тиімділігін арттыру үшін бірінші ұрпақ роботтарына
негізделген екінші ұрпақ
роботтары қосымша функцияларға ие, соның ішінде визуалды орналастыру жүйесі, автоматты құрал
ауыстыру құрылғысы, адам-машина өзара әрекеттесу және сөйлеуді анықтау. Олар 6.23-суретте
көрсетілгендей, кернеу астында жұмыс істейтін жартылай автоматты роботтар деп аталады.
Робот
корпусына орнатылған ажыратуы жоғары камерамен түсірілген суреттер техник роботтың қашықтан
басқарылуын жүргізетін жерүсті басқару кабинасына жіберіледі,
осылайша, жоғары кернеумен
тікелей байланыс және үлкен биіктіктен құлау қаупі жойылады. Жұмысты орындау үшін кемінде екі
техник қажет. Біреуі жерүсті басқару кабинасында негізгі басқару
дисплейі арқылы механикалық
қолды басқарады, ал екіншісі қауіпсіздікті бақылайды [14] [15] Үшінші ұрпақтың роботы толығымен
автоматты. Басқару кабинасы талап етілмейді, жұмыс орнында тек бір қауіпсіздік инспекторы қажет.
Техник жұмысқа бақылау жасау үшін қол терминалын пайдаланады, сол арқылы жұмыс процесінен
адам факторын жояды. Үшінші ұрпақтың роботы екінші ұрпақ роботымен ұқсас корпус құрылымына
ие, бірақ оның интеллекті дамыған. Ол үш өлшемді көру жүйесімен жабдықталған. Осы жүйе жұмыс
ортасын автоматты түрде анықтайтын, қорытынды жасайтын
жасанды интеллект арқылы
операцияларды орындайды. Сондай-ақ, ол деректерді беру
технологиясын, стереоскопиялық көруді
позициялау технологиясын, компьютерді басқару технологиясын және бейне танудың техникалық
құралдарын біріктіреді және пайдаланады. Үшінші ұрпақ роботы автоматты түрде
жұмыс алдында
жұмыс орнына орналасады, жұмыс барысында процесті автоматты түрде бақылайды, жұмыс сапасын
автоматты түрде тексереді және жұмысынан кейін қажетті түзетулерді енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: