152
қауіп төндіреді. Индуктивті найзағайдан немесе тік найзағайдан туындайтын артық кернеу
кернеулі жердегі жұмыс үшін пайдаланылатын құрал-жабдықты және жұмыс құрал-
саймандарын оқшаулауға зиянын тигізуі мүмкін. Осылайша, найзағай кезінде кернеулі жерде
жұмыс жүрізуге тыйым салынады.
4)
Жаңбырдың, қардың, тұманның және ауа ылғалдылығының әсер етуі. Жаңбыр суы
оқшауланған аспапқа тиген кезде қызметкердің күрделі жарақаттануын немесе жабдықтың
бүлінуін тудыра отыра, арттырылған жылыстау тоғына (мысалы, оқшаулағыш қарнақтың
(штанга) ұшқындауы) және жануына (мысалы, нейлонды қанаттардың балқуы) әкеп соқтырады.
Сондықтан, жаңбырлы күндері кернеулі жерде жұмыс істеуге тыйым салынған және соған
жауапты тұлға жұмыс алаңында кенеттен жаңбырдың болуын уақытылы анықтау үшін мұқият
болуы және кернеулі жердегі желілерде жұмысты тоқтату бойынша шараларды қолдануы
қажет.
Тұман негізінен судың бірнеше тамшысынан тұрады және оқшаулауға тигізетін әсері
біршама баяу болуын қоспағанда, оқшауланған құрал-саймандарға жаңбыр суы секілді әсерін
тигізеді. Тұман ауаның жоғары ылғалдылығына әкеледі, сондықтан тұманды күндері кернеулі
жердегі желілерде жұмысқа тыйым салынған.
Қар, әдетте, оқшауланған құрал-саймандарға елеусіз әсерін тигізеді, себебі қар түскеннен
кейін олар оңай тазартылуы мүмкін. Алайда, ерте көктемде түсетін жабысқақ қар тез еруі
мүмкін, пайда болған су ауадағы қоспалармен араласқан кезде жаңбыр суына қарағанда,
оқшауланған қасиеттерге анағұрлым зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Нәтижесінде кернеулі жерде
жұмыс барысында жабысқақ қар түсе бастаған кезде жұмысты жүргізуге жауапты тұлға шұғыл
шараларды қолдануға тиіс.
Бүгінде кернеулі жердегі жұмыс үшін пайдаланылатын оқшауланған құрал-саймандардың
көпшілігін әмбебап эпоксидті шайыр және ПВХ секілді әлсіз полярлық диэлектриктерден
дайындайды, ал олардың беттері жоғары оқшаулағыш беріктікке және гидрофты сумен
жұғыспайтын қасиеттерге ие болады. Алайда оқшауланған құралдарға ылғалды және жаңбырлы
ауа райында құрал-саймандарды пайдалана отырып, кернеулі жерде жұмыс жүргізген кезде
қоршаған ортаның ұзақ әсер етуі кезінде оқшауланған құралдарға ылғал мен кір түсуі мүмкін.
Көптеген ластанулар суда болғандықтан және кір күшті полярлық диэлектрик болып
табылатындықтан, осы ластанулар оқшауланған құралдың бетіне әсерін тигізеді, бұл
оқшаулаудың қарсылығының біршама төмендеуіне және жылыстау тоғының тиісінше артуына
әкеп соқтырады. Егер үстіңгі беттегі ластану ылғалдың біркелкі емес әсеріне ұшыраса, онда
салынған кернеудің әсерімен оқшауланған аспаптағы кернеуді үлестіру бірқалыпты болмайды,
осылайша оқшауланған аспаптың разрядының кернеуін азайтады. Сондықтан, оқшауланған
құралдардың таза әрі құрғақ беті қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Қорытындылай келе, кернеулі жерде жұмыс жүргізуді, әдетте, қолайлы әрі құрғақ ауа
райы жағдайларында, желдің күші шкала бойынша 5 балдан аспаған кезде (желдің жылдамдығы
8 м/с төмен), ауа температурасы мен жергілікті жердің жағдайлары қолайлы және жұмыс
аймағының ішінде немесе жанында найзағай болмаған кезде орындау қажет екендігін атап өту
керек. Күн күркіреген, жаңбыр, қар немесе тұман болған жағдайда кернеулі жерде жұмысты
орындауға тыйым салынады. Егер желдің күші шкала бойынша 5 балдан артатын болса немесе
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан асатын болса, кернеулі жерде жұмысты орындау
ұсынылмайды.
Егер қолайсыз ауа райы жағдайларында электр беру желісінде жедел жөндеу жасауға тура
келсе, қабылдануы тиіс сенімді шараларды толық талқылау үшін, кернеулі жерде жұмыс
істейтін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру керек. Кернеулі жерде жұмыс жүргізуге
қуаттандырылған кәсіби инженерлер сенімді шараларды тексермейінше жедел жөндеу
орындалуы мүмкін емес және басшымен, пайдалануға жауапты тұлғамен немесе бас
инженермен мақұлданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: