157
заттардың толық жиынтығын киюі қажет, ал кернеулі жердегі бөлшек оқшаулауды тудыру үшін
экрандалуы тиіс. Оқшауланған қарнақтармен (штанга) жұмыс әдісі тіректердегі жұмыс кезінде
ғана емес, сонымен бірге оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғының оқшауланған себетінде
немесе басқа оқшаулайтын платформада пайдаланылады. Осы кезде электрмонтер мен жердің
(діңгектің) потенциалы бірдей емес, сондықтан бұл әдісті жерге тұйықталған жұмыс әдісі деп
қарастыруға болмайды.
1)
Тіректердегі жұмыс
Электрмонтер тіректерде жұмыс істеуге арналған құрал-саймандардың (көтеру плитасы, желі және
т.б.) көмегімен қажетті жайғасымға дейін көтеріледі және қауіпсіздік белдігін бекітеді. Электр
монтер тиісті сақтылық шараларын сақтай отыра, кернеулі жердегі бөлшектерден қауіпсіз
қашықтықта орналасуы қажет. Электрмонтер жұмысқа әртүрлі құрал-саймандармен
жарақтандырылған оқшаулайтын қарнақты (штанга) пайдалануы керек.
i)
Кернеу астында және жерде орналасқан бөліктер арасында берік оқшаулайтын қорғауды
түзетін оқшауланған құрал-саймандар, диэлектрлік биялай мен диэлектрлік бәтеңке.
Оқшауланған құрал-саймандар негізгі оқшаулау, ал диэлектрлік бәтеңке мен диэлектрлік
биялай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша оқшаулау ретінде қызмет атқарады.
ii)
Желілер арасында ауа саңылауы негізгі оқшаулау, ал оқшаулағыш қорғайтын жабын –
қосымша оқшаулау болады, фазалар арасында үлкен жұмыс аясынан болатын қысқы тұйықталу
көлденең қорғауды түзеді. Жұмыс жүргізуді қадағалауға уәкілетті тұлға электрмонтердің және
кернеулі жердегі бөлшектердің арасында қауіпсіз қашықтықтың сақталуына, сондай-ақ
оқшауланған құрал-саймандар арасында ең төменгі пайдалы оқшаулау қашықтығының
сақталуына негізгі жауапкершілікте болады. Осы жұмыс әдісі көліктік және топографиялық
жағдайлармен шектелмейді және оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғының көмегімен
соларға жақындау мүмкін болмайтын діңгектердегі жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда
биіктікте жұмыс жүргізген кезде қызмет аймағы оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғымен
жұмыс істеген секілді еркін әрі жайлы емес.
2)
Оқшаулайтын платформа
Оқшаулайтын платформа әдетте қарапайым платформадан, «жұлдыз» үлгісіндегі
оқшаулайтын жима сатыдан және екі жақты баспалдақтан тұрады. Оқшаулайтын платформа мен
оқшаулайтын қарнақ (штанга) бірге құрамдас оқшаулауды түзеді және негізгі оқшаулау болады,
сол уақытта диэлектрлік биялай мен диэлектрлік бәтеңке қосымша оқшаулау ретінде шығады.
Желілер арасында ауа саңылауы негізгі оқшаулау ретінде, ал диэлектрлік қорғайтын жабын –
фазааралық резервтік қорғау ретінде әрекет етеді. Электрмонтер кернеу астында орналасқан
бөліктерге қатысты жақын орналасқандықтан, ол жұмысшының екі фазалы тізбек сымдарымен
кенеттен түйісуіне және электр тоғымен зақымдануына жол бермеу үшін қорғаудың соңғы
сатысын қалыптастыруға орай оқшаулайтын қорғаныс заттарының толық жиынтығын киюі
қажет.
3)
Оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғы. Оқшаулайтын себет пен жебе құрама оқшаулауды
түзеді, ал оқшаулайтын жебе негізгі оқшаулау функциясын атқарады. Желілер арасында ауа
саңылауы негізгі оқшаулау ретінде, ал оқшаулағыш қорғайтын жабын – фазааралық резервтік қорғау
ретінде әрекет етеді. Электрмонтер кернеу астындағы бөліктердің әрқайсысына тікелей жақын
орналасқандықтан, ол екі фазалы тізбек сымдарымен кенеттен түйісуіне және электр тоғымен
зақымдануына жол бермеу үшін қорғаудың соңғы сатысын құруға орай диэлектрлік биялайды және
басқа оқшаулағыш қорғаныс құрылғыларын киюі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: