Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет133/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

7.2
 
 Қарапайым және тұрақты жұмыстардың жүргізілуі 
 
Кернеулі жердегі желілерде қарапайым және тұрақты жұмыстар сымдарды жөндеуден
бұрмалы қоспаларды жүктемесіз қосудан (алудан), оқшаулағыштарды ауыстырудан (керілген 
немесе аспалы тіректер), траверсті ауыстырудан және найзағай тартқыштарды ауыстырудан 
(орнатудан) тұрады. Электр энергиясын тұтынудың жылдам өсуі байқалатын аудандарда 
жүктемесіз бұрмалы қоспаларды қосу (әдетте «желіге қосу» деп аталатын) анағұрлым жиі әрі 
маңызды жұмыс болып табылады. Осы операция жұмыстағы үзіліссіз жаңа сервистік 
қосылыстарға және қуатты күшейтуге деген қажеттілікті қанағаттандырады. Бұдан басқа, 
сыртқы факторлармен зақымдалған сымдарды жөндеуге деген қажеттілік жиі туындайды.


158 
7.2.1
 
Сымдарды жөндеу 
 
Диэлектрлік биялаймен жұмыс істеу әдісі сымдарды жөндеуге пайдаланылады. Келесі бөлімде 
сымдарды жөндеу үшін оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғыны қалай пайдалану керектігі 
сипатталған. 
1) Жұмыс тобының құрамы және міндеттерді бөлу 
1)
Барлық жұмыс жоспарын дайындауға, қауіпсіздік талаптарына, қызметкердің жұмысын 
ұйымдастыруға және жұмыс уақытында қауіпсіздікті бақылауға жауапты жұмыстың бір басшысы. 
2)
Оқшауланған себеттегі екі электрмонтер. 
3)
Құрал-саймандар мен материалдарды беруге, сондай-ақ жұмыс алаңын басқаруға жауапты 
бірден екіге дейінгі жердегі жұмысшы. 
2)
Жұмыс құрал-саймандары мен материалдары. 
Кернеулі жерде сымдарды жөндеуге қажетті құрал-саймандар мен материалдар 7.1-
кестеде келтірілген. 
3)
Жұмыс жүргізу кезеңдері 
1)
Құрал-саймандар мен материалдарды тексеру және қорғайтын қоршаулар мен белгілерді 
орнату. 
2)
Алдын ала белгіленген жерге оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғыны тұраққа қою және 
алдын ала оның жұмысқа қабілеттігін тексеру. 
3)
Оқшаулауды тудыру үшін кернеу астында орналасқан компоненттерді және жерге тұйықталған 
бөліктерін жабу. 
4)
Сымдарды жөндеу 
Электрмонтерлар оқшаулайтын себетте бірлескен күшімен сымның үзілген өзегін түзетеді 
және үстінгі тотыққан қабаттарын алып тастайды. Жұмыс уақытында электрмонтерлар кернеулі 
жердегі көршілес бөлшектерден кемінде 0,6 м қашықтықта және жерге тұйықталған 
бөлшектерден кемінде 0,4 м қашықтықта орналасуы қажет. Олар фазалар арасында шырмалуды 
немесе қысқа тұйықталуды болдырмау үшін сымдардың ауытқуын төмендетуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет