Қорытынды Жоғары мектеп педагогының кәсіби бағдарын өзгерту оның жекелеген және кәсіби ерекшеліктерін де ескеруді талап етеді. Кәсіби бағдарды өзгертудің арнайы ұйымдастырылған процесс қызметі жаңа оқыту технологияларын пайдаланумен жүзеге асырылатын педагогты психологиялық-педагогикалық жағынан қайта даярлауды қамтиды.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетіне даярлау оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. Жоғары оқу орнында мұғалім даярлау ісіндегі инновация қарым-қатынас жасаудың әдіс-амалын табу арқылы оқушылар тұлғасын қалыптастыруға үйрету; қоғам сұранысына байланысты білім-тәрбие беру әдістерін жетілдіру, соған сәйкес жаңа нәтижеге жету мүмкіндігін қамтиды.
Ең басты мәселе, болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін оқу орындарында қоғамдық, экономикалық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық оқу курстары оқытылады. Бұлардың ішінде педагогика студентті белгілі бір мамандыққа даярлап қана қоймайды, олардың тұлғасын қалыптастыруға да елеулі ықпал етеді
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.М.Игнатьева Д.С.Тарановская "Особенности формирования личности специалиста в условиях современной системы образования" ғылыми мақаласы, "Инновациялық ғылым" халықаралық ғылыми журналы № 2/2016
Қарабаева А.Ж. "Стратегия-2050" ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі жастардың орны мен рөлі // Литер. – 2014.
Зеер Э.Ф., Сыманюк Э.Э. Тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы дағдарыстар // Психологиялық журнал. 1997. № 6. с.35 – 44.
Климов А.Е. Еңбек психологиясына кіріспе. – М., 1998.
Левитан К.М. Мұғалімнің тұлғасы: қалыптасуы мен дамуы. Саратов,1991.135с.