Жоғары мектепте биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі
Жоспары:
- Жоғары мектепте биологияны оқытудың теориялық мен әдістемесі пәнінің қалыптасу тарихына қысқаша түсінік;
- Жоғары мектепте биологияны оқытудың теориялық мен әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері,басқа ғылым салаларымен байланысы;
- ХХІ ғасырдағы биология ғылымы дамуының жастарға білім берудегі рөлі.
Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасу тарихы
Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің жеке пән болып қалыптасуы XVII ғасырдан басталады. 17 ғасырдың аяғында 18 ғасырдың басында ежелгі Ресейде зиялы мектептер ең алғаш рет пайда бола бастады. Сауаттылыққа үйретумен қатар жаратылыстану жайлы мәліметтер беріле бастады.
1724 жылы I Петр Петербург академиясының негізін салды. 18 ғасырдың аяғында академияның зерттеулерінің нәтижелері өзінің алғашқы жемісін бере бастады. Жаратылыстану саласынан көптеген ғылыми жаңалықтар ашыла бастады. Қалаларда 2 жылдық, бесжылдық халық училищелері ашылып жастарды оқыта бастады.
Сабақ беруге ең бірінші Владимир Федорович Зуев шақырылып, 1786 жылы өзінің бірінші оқулығын жазып шығарды. «Начертание естественной истории». Ол оқулық екі бөлімнен, үш тараудан тұрды. Сондықтанда, академик В.Ф.Зуев биологияны оқыту әдістемесінің негізін қалаушы деп аталып кетті.
Одан әрі қарай биологиядан білім беру саласына басқада педагог – жаратылыстанушылар келе бастады. Солардың арасынан ерекше атап өтуге тұрарлығы Александр Яковлевич Герд .
Бұл ғалым XIX ғасырдағы ең ірі жаратылыстанудан әдіскер деп тарихта атағы қалды. Идеясының ерекшелігі дамыта оқыту жайлы пікірі дәл қазіргі кездегі талапқа сай деуге болады.
- Оқушыларға табиғат жайлы оқу материалын түсіндіруді эвалюциялық тұрғыдан мазмұндау арқылы дүниеге көзқарасын дұрыс қалыатастыру
- Тірі ағзаларды оқуды төмен мен жоғары қарай яғни қарапайымнан күрделіге қарай оқытуды енгізу
- Оқушының білім алуына қойылатын басты талап өз бетімен іздемпаздығын дамыту
- Оқушыға білім беру үшін түсініктемелік – іздемпаздық әдістерін үйрету
- Бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп оқыту
- Биологияны оқыту барысында тірі табиғатпен байланысты күшейтуге бағыттау (экскурсия, практикалық жұмыстар, демонстрациялау)
- Герд «триадасы » бастауыш сыныптарында « жер, ауа, су жайлы » мәліметтерді түсіндіру т.б
Достарыңызбен бөлісу: |