Биологияны оқыту әдістемесі пәніні – биологиядан айырмашылығы әдістеме органикалық дүниенің даму заңдылықтарына аса көңіл бөлмейді. Ол білім беру үрдісінің педагогикалық заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика ғылымының бір саласы есебінде, биологияны оқыту әдістемесі пәніде қоғамдық ғылым саласына жатады.
Биологияны оқыту әдістемесі пәні – қоғамдық пән; педагогика мен дидактикадан таралған жеке пән; бұл жастарға білім беру үрдісін жан-жақты үйрететін ғылым саласы.
Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің тағыда бір ерекшелігі өсімдіктер, жануарлар, бактерия, адамдар іспетті нақты обьектілерді табиғаттағы күрделі құбылыстарды (фотосинтез, тынысалу, қоректену, көбею т.б.) тіршілік тіршілік деңгейлерін (молекулалы, жасушалы, ұлпа, ағзалар, популяция, түр, биосфера) зерттейді. Әрине осылардың барлығын зерттеп білу үшін арнаулы материалды базасы керек (биология кабинеті, тірі бұрыш, оқу участогі, т.б.). Сондықтанда бұл оқыту пәнінің өзіне тән ерекшелігі нақты, мазмұнды болуын талап етеді.
табиғаттағы тірі ағзалардың кұрылысы мен қызметінін және генетикалық негізінің жүйелілігін білу;
тірі ағзалардың көбеюі мен дамуын, биологияның әртүрлілігін түсіну;
табиғаг пен коғам және адамдар арасындағы байланыстарды жан-жакты калыптастырып,экологиялық, эстетикалық, этикалық және тәлім-тәрбие ережелерін зерделей отырып, оқушылардың экологиялык білімі мен мәдениеттілігін дамыту;
биологиядан алған теориялык білімді практика жүзінде пайдалануын іскс асыра білуді үйрету жатады.