Топтық үжым ретіиде сатылап дамыту теориясы (Л.И. Уманский сызбасы).
Л.И.Уманский топты ұжым ретінде қалыптастырудың мынадай топтық даму сатыларынан өтетіндіктерін экспериментальды дәлелдеп берді (2-сурет).
Конгломерат тобы — бірге жиналған бірін-бірі жақсы біле бермейтін адамдардың тобы.
Конгломерат топтарының дамуы жағымды бағытта (топ =ұжым) қалай өтсе, жағымсыз бағытта да (топ = қарсы ұжым) солай өтеді. Әрине, топ мүшелері әрі жағымды, әрі жағымсыз аймақта бола алады.
Номиналды топ - формалды беделге, максатқа, іс-әрекеттердің мазмұнына ие адамдардың тобы.
Ассоциаиия тобы - берілген әрекеттің мақсат пен шарттарды қабылдаушы, тұлғааралық қарым-қатынас жүйесін кұрушы мүшелерден тұратын топ. Осындай топтардың пайда болуы ұжым қүрудан басталады.
Кооперация тобы - бекітілген ұйымдастыру қүрылымына ие топ. Олардың мүшелерін іскер карым-катынас қана байланыстырады: накты максаты - эмоңионалды-адамгершілік тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыратын өзара әсердің топтық мағынасында.
Мұнда тек нәтижеге жетуді қамтамасыз ету ғана маңызды.
Автономия (жеке) тобы - ішкі бірлігі, топтық біртүтастық, «Біз» бейнесін қабылдау мен «Олардан» (басқа топтан) белгілі бір қашықтықта болатын топ. Жеке топ - үжымға өту үшін қалыптасқан негіз. Оның 2 даму жолы бар: топ - ұжым немесе топ - кооперация.
Ұжым - топтың даму мақсаты мен жоғары түрі. Бұл ортақ мақсатта, кәсіби және әлеуметтік қызығушылықпен, құндылық бағдармен, ортақ әрекет және карым-
қатынас, өзара жауапкершілікпен біріккен адамдардың ұйымдасқан тобы. Жеке топтан кооперация тобына өту, тек гиперавтономизация жағдайында ғана мүмкін. Яғни, еркін пікірін білдіре алмауға, өзін басқаларға қарсы қойып, өзінің мақсатын қандай жолмен болса да жүзеге асыруға талпынады. Кооперация тобы (қарама-қайшы ұжым) топтық өзімшілдік, өзін-өзі жырақта үстау, озінің қызығушылықтарын басқалар арқылы ерекшелінетін топ.
Дезинтеграция — біртүтастықтың белшектерге бөлінуі, құлдырауы.
Интраэгоизм-топішілік, тұлғааралық қарым-қатынаста керінеді, эгоцентризм — жекешілік пен озімшілдіктің ең соңғы түрі.
Қарама-қаіішы ұжым — ұжымның кейбір себеп-салдары тиесілі топ (жалпы максат, біріккен әрекет, ұйымдаскан кұрылымы, т.б.), дегенмен кейбіреуі топтық антипатия, конформизммен ерекшелінеді.
(Сластенин В.А., 2002).
Достарыңызбен бөлісу: |