Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары. Тапсырмалар



бет1/2
Дата05.05.2020
өлшемі29,18 Kb.
#65846
  1   2
Байланысты:
Ермахан А. ЖМП 13 практика


Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары.
Тапсырмалар:

1.Жоғарғы мектептегі тәрбие.

2.Жоғарғы мектептегі тәрбие бағыттары

3.Тәрбиенің мәні мен сипаты және оның ерекшеліктері.


«Тәрбие» ұғымы тамақтану сөзінен шықкан. Алғашқыда ананың баласын тамақтандыру мағынасында түсіндірілсе, кейіннен қоғамның дамуына байланысты баланың рухани тәрбиесі ретінде қарастырыла басталды.

Тәрбие мұраты әр ғасырда әртүрлі ерекшеленген. Орта ғасырда - «рыцарлық тәрбие» - «рыцарлық жанашырлар отбасын» игеру: атқа салт мініп үйрену, жүзу, қылыш өнерін игеру, аңға шығу, шахмат ойынын, сюзеран жэне «сүйгеніне» арнап өлең жазу және оны әнмен айтып үйрену. Қайта өрлеу дәуірінде — азамат тәрбиелеу. «Азаматтық тәрбие» әдепті жақсы әрекеттерге ие, дене және рухани дамыған, еңбек арқылы тәрбиеленген қоғам мүшесін қалыптастыру.


Ағылшындар қоғамында Дж.Локктың мұраты джентелъмендер тәрбиелеу болды. Оның мазмұнына төмендегі қасиеттер енген: оқу, хат хазу, сурет салу, ана тілін білу, сонымен катар, француз және латын тілдерін игеру, жағрапия, астрономия, хронология, әдеп, би, қылыш өнері, элеуметтік тэртіп дағдыларын - «жақсы әдет пен зайырлық білімдері» меңгеру.

XX ғ. басында коммунистік тәрбиенің мұраты «коммунист- күрескер» бейнесі болды. Буржуазиялық қоғамда - «сәтті буржуа» мұраты. Қазіргі қоғамда табысты кәсіпкерді мұрат деп есептеуге болады. Осыған орай, эрбір дәуір өзінің тәрбие мұратына ие болған.


Ежелден бері тәрбиеліліктің критерийлері Жақсылық, Шындық, Әдемілік болып табылады:

- «жақсылық» басқа бір адамға (коғам) жасалатын тәртіп іспеттес;

- «шындық» әрекет пен қимылын бағалауда жетекшілік жасау;

- «әдемілік» оны туғызу мен жүзеге асыру түрлерінде кездеседі (әсіресе, кәсібінде әдемілікті сезіну және жүзеге асыру).

Тәрбиенің мұратқа жетудегі мақсаты — үйлесімді (жан-жақты) дамыған тұлганы қалыптастыру, құзырлы маман тәрбиелеу. Мақсат - іс-әрекет нэтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым аркылы болжау.

Тәрбиенің мазмүны - адамгершілік, азаматтық, ақыл-ой, дене, еңбек (кәсіби), эстетикалык тәрбие.

Тәрбие процесінің кұрылымы максатқа жету, копфакторлық, ұзақтық (максаттан алшақтық), үздіксіздік, кешендік (тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрі мен әдістерінің бірлігі; сонымен қатар кешендегі қасиеттерді калыптастыру) болып табылады.

Жоғары оқу орындарында тәрбие жүйесінің элементтері: іс- әрекет, карым-қатынас, таным, педагогикалык микроахуал, студенттер тобының микроахуалы.



Тәрбие - жеке түлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқым қуалаушылық бейімділік пен микро-ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен отеді. Ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, окушылардың жан-жақты кызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.

Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру - адамның қоғамдық кажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын. Оның қоғам омірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-қүлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-катынасын, оның әлеуметтік институттармен арақатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен

қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.

Жеке тұлганың қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланын дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзкарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман., А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының соңында бірге жүреді” (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы, яғни оқыту мен тәрбие көмегімен жүзеге асырылады. Бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде гана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешуді көздейді (К.Д. Ушинский, ГТ.ГТ. Блонский, Л.С.Выготский).

Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айкын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін боліп алу қажет.

Ең алғашкы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы, табиғаттың адамға генетикалык түрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.

Тәрбие - әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік кажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

Әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке түлға касиеттерін қалыптастыру - әлеуметтендіру жүйесінің мазмүпы қогам талабымен айкындалады. Яғни, оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік отбасы, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет.

Адамдардың мінез- құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана ол

әлеуметтенеді.

Әлеуметтендіру - коғам талаптарын жеке түлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тэртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен карым-қатынасын реттейді.

Әлеуметтендіру - түлғаның белгілі бір бейнесін дэріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап кайтаруынан.
Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:

а) түлғаның әлеуметтік бейімделуі;

ә) элеуметтік кемелденуі.
Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары сырткы және ішкі болып бөлінеді. Ішкі факторлар деп адамдардың тұкым куалаушылығы, өзін-өзі тәрбиелеуі, т.б. жатады. Ал, сырткы факторлардың өзі 4 түрге бөлінеді:

1) микрофакторлар (өзара жастары ұксас ұжым, достар, отбасы, университет, т.б.);

2) мезофакторлар (бұкаралық ақпарат кұралдары, қала немесс ауыл, ұлт, т.б.);

3) макрофакторлар (мемлекет, коғам, ел, казак ұлты);

4) мегафакторлар (ғарыш, ғаламшар, күн жүйесі, т.б.).

Жоғары оқу орындарында тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары.


Тәрбие заңдылыктары

Тәрбие ұстанымдары

Тәрбиенің максатқа бағытталуын, мазмұнын қоғам анықтайды.

Тәрбие окыту және кәсіби даярлықпен өзара байланыскан.

Жоғары оқу орындарындағы тәрбие,

кәсіби түрде бағытталған.

Тәрбие студенттердің жағымды бастамаларына сүйенеді.


Т әрбиеиің мақсатқа ұмтылуы, тұлғаның үздіксіз дамуына (қоғамдық және кәсіби) бағытталған.

Жалпыадамзаттық және ұлттык

кұндылықтардың үйлесімдігі.

Тұлғалық және қоғамдық қызығушылықтардағы үйлесімділігі.

Барлық тәрбиешілердің әрекеттерінің

бірлігі.


Іс-әрекеттегі, карым-қатынастағы және өзін-озі дамытудағы тәрбие.

Мәдени үйлесімділік.



Табиғи үйлесімділік.


Біршама уакыт педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтары тәрбие процесі күрделі болғандықтан, арнайы анықталмады. Екіншіден, қазіргі кезде педагогикадағы оқу процесінің заңдылықтарын тәрбие заңдылықтары ретінде айқындауға болады; ал олардың негізінде жоғары оқу орындарындағы тәрбие ұстанымдарын анықтауға болады.
Жоғары мектептегі тәрбиенің әдістері мен түрлері.

Тәрбие әдістері - тұлғаның жан-жақты дамуын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешудегі оқытушы мен студенттің мақсатты түрдегі біріккен тәсілі.

Тәрбие әдістері мыналар: түсіндіру, кеңес беру, сендіру, педагогикалық талап қою, коғамдық пікір, мысал келтіру, тапсырма беру, жаттығу, мадақтау, жазалау, т.б.

Тәрбие түрлері - тәрбие процесін ұйымдастырудың ішкі түрі іспеттес - окытушы мен студенттің өзара әсері. Олар: жалпы - тақырыптык кештер, спортгық сайыстар; топтык - үйірмелер, секциялар, студенттер; жеке - әңгімелесу, дара сабақтар.

Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысымен тәлімгер шұғылданады.

Тәлімгер (латын сөзі - «қамқорлық жасаушы») - студенттердің өмірлік іс-әрекеттеріне (тәрбие, бос уақытын ұйымдастыру, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық шаралар) қатысты мәселелерді шешу үшін деканаттың тағайындаған окытушысы.

Жоғары білім берудің ағылшындық жүйесінде тюторлық жүйе жүзеге асырылады. Оқытушылар дәріс беруші және тьюторға бөлінеді. Дәріс берушілер тек дәрісті ғана емес, семинарлық сабақтарды да жүргізеді. Тьюторлар студенттердің өзіндік ғылыми-оқу жүмысына жетекшілік етеді, яғни, кіші оқытушылар құрамы. Тьюторлық сабақтар берілген тақырыптар бойынша практикалық сағаттар, кеңес беру немесе семинар сабақтары сипатында. Дәріс берушілер арасында да тьюторлар болады, олар студенттерге барлық пәндер бойынша кеңес береді. Әдетте, тьюторлар ретінде зерттеушілік әрекетпен шүғылданатын аспиранттар немесс колледж бітіргендер де тағайындалады. Олар студенттердің жұмысына ғана жетекшілік жасап қана қоймайды, сонымен қатар басшылық қызметін де атқарады. Яғни, студент оқуға қатысты кез келген сұрақтарға байланысты кеңес алуларына болады. Тьютор студенттерге қандай дәрістер мен лабораториялық сабақтарға катысуға болатындықтары, оқу жұмысының жоспарын қалай құру жөнінде кеңес береді, күнделікті өмірдегі сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Әрбір студент тьюторге бекітіледі. Тьютор ресми емес дағдайда, әрбір аптада өзіне бекітілген (5-6 адам) студенттермен кездесіп тұрады.

Оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы. Н.П.Ерастованың «психологиялық үшбүрыш» теориясына сүйеніп, тұлғаның білімі, білігі, қарым-қатынасы, іс-әрекеті, процестер мен қасиеттерінің өзара байланысын былай керсетуге болады.


Қарым-қатынас, қызығушылық




Қасиеттер Әрекет

ӘІҢҒӘ


ӘӘ!Ә

Әрекет

Білік

Әрекет

Білім

Тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру үшін білім, білік, қарым- қатынасты әртүрлі әрекеттер (практикалық, коммуникативті, шығармашылық, т.б.) арқылы қалыптастыру міндетті. Сондықтан, психолоғиялық үшбүрыш - оқыту мен тәрбиенің өзара байланысын түсіндіреді, түлғаның білімі, білігі, сенімін түсінуге комектеседі, жағымсыз әсерлерден сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет