1.2 Жоғары молекулалы қосылыстар химиясының негізгі түсініктері
Жоғары молекулалы қосылыс (ЖМҚ) немесе полимер деп бір немесе бірнеше түрлі буындардан құралған, буындары бір-бірімен химиялық байланыс арқылы жалғанған, үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар және осы қасиеттері буындардың санын кеміткеннен немесе көбейткеннен өзгермейтін қосылыстарды атайды.
Полимерлердің ішіндегі ең қарапайымы полиэтилен:
Қайталанып келетін буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп, n≤100 болса, олигомер деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар санының полимерлену дәрежесі:
деп аталады.
Мұндағы: М – макромолекуланың молекулалық массасы; m – буынның молекулалық массасы.
Біркелкі мономерден құралған полимерлер гомополимерлер деп, ал бірнеше түрлі мономер буындарынан құралған полимерлік қосылыстар сополимерлер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |