Жасанды полимерлер деп табиғи немесе олигомерлерді химиялық өңдеу арқылы алынған полимерлерді атайды.
Мысалы, целлюлозаға азот қышқылымен әсер етудің нәтижесінде өндірісте кеңінен қолданатын целлюлозаның азот қышқыл эфирлері алынады.
Негізгі тізбектің құрамы бойынша макромолекулалар гомотізбекті және гетеротізбекті болып екіге бөлінеді.
Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлер карботізбекті деп аталады. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат.
Гомотізбекті полимерлер өзара тағы да алифатикалық, ароматикалық, галогендік, т.б. болып бөлінеді.
Мысалы: полиэтилен
п олибутилен
Бейорганикалық гомотізбекті полимерлер:
полисилан - Si -
полигерман - Ce -
поликүкірт - S –
Негізгі тізбегі әртүрлі атомдардан құралған полимерлерлі қосылыстар гетеротізбекті деп аталады. Ондай полимерлерге полиамидтер, п олиэфирлер:
жатады.
Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер сызықты (1), тармақталған (2) және торлы (3) құрылымды болып тағы бөлінеді.
Мысалы, сызықты полимерге поливинилспиртін келтіруге болады. Тармақталған полимерге жоғары қысымды полиэтилен макромолекуласын келтіруге болады, ұзын тізбекті макромолекулалар бір-бірімен көлденең байланыстармен қосылса, торланған немесе кеңістіктік полимер, мысалы, алмаз, фенол-формальдегид шайыры, резеңке, Na- бутадиенді каучук түзіледі.
Полимерлі материалдар қыздырғандағы өзгерістеріне байланысты термопластар және термореактивті болып екіге бөлінеді.
Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Бұл өзгеріс негізінен молекулааралық байланыс күшінің азаюымен және молекуланың кинетикалық энергиясының артуымен байланысты. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термопласты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.
Термореактивті полимерлерге қыздырып, артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топтары немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан оларды қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Сонымен қатар полимерлер химиялық табиғаты бойынша органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді.
Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады.
Бейорганикалық полимерлер кремний, алюминий, стронций, германий т.б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды.
Элементорганкалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық, қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық немесе керісінше болады.
Достарыңызбен бөлісу: |