ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫндағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
«Жоғары молекулалық қосылыстардың физика және химиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072600 – «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Алғы сөз
1.ӘЗІРЛЕНДІ
Әзірлеуші – Абишев Болат Шарипқазыұлы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
Әзірлеуші, аға оқытушы _________________ Абишев Б.Ш.
04.12. 2012ж
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама №4, 12.12. 2012 ж.
Кафедра менгерушісі: Асенова Б.К.
Зертханалық сабақтар
Зертханалық сабақ 1 – Табиғи полимердің қасиеті
Жұмыс мақсаты: Целлюлозаның қасиетін анықтау
Тәжірибе №1. Целлюлозаның сілтімен әрекеттесу
Екі пробиркаға әрқайсысына концентрленген сілті және дистиленген су құяды. Пробирка ішіне 7 минутқа фильтр қағаздадарының жолақтарын (ені 2 см, ұзындығы 20 см) түсіреді. Қағаздын жолақтарын алып, сумен шаяды, сығып кептіреді. Олардың ұзындықтарын, тығыздықтарын, беттік қабаттарын салыстырады.
Тәжірибе №2. Целлюлозаны мысты –аммиакты ерітінділерде еріту
0,5 г мыс карбонатына 5-6 мл 25% аммиак ерітіндісін қосып, ерітеді. Қою көк ерітінді алынады (Швейцер реактиві). Оның үстіне бір түйір мақтаны салып, шыны таяқшамен араластырады – қою көк коллоидті ерітінді түзіледі. Таяқшаны алмай ерітінді үстіне 10% хлорлы сутегі ерітіндісін лакмус бойынша қышқыл ортаға дейін құяды. Ерітіндегі целлюлоза тұнбаға түседі. Таяқша көмегімен ерітіндіден жгут созады.
Тәжірибе № 3. Целлюлоза нитратын алу және оның қасиетін зерттеу
Құрғақ пробирканың ішіне 4 мл концентрленген күкірт қышқылын және 2 мл концентрленген азот қышқылын құяды, оның ішіне бір түйір мақтаны салып 10 минутқа қалдырады. Нитрлеуші қоспаны төгіп, мақтаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін кран астында шаяды. Мақтаны сығып, фильтр қағазымен құрғағанша кептіреді. Нитроцеллюлозаның бір бөлігін қысқыш көмегімен горелка жалынына енгізеді, жаңу қасиетін анықтайды. Нитроцеллюлозаның екінші бөлігін спирт мен эфирдің қоспасында (1:1) қою ерітінді – коллодий түзілгенше ерітеді. Егерде оны пластинкаға құйса, еріткіш буланып мөлдір қабықша түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыздар: а) целлюлозаның нитрленуі нәтижесінде оның моно-, ди-, тринитратының түзілуі; б) целлюлоза динитратының жануы.
Бақылау сұрақтары:
Қандай полимерлер табиғи полимерлерге жатады?
Целлюлоза құрылысын келтіріңіз
Целлюлозаға байланысты жай эфирлердің (метилцеллюлоза, этилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза) түзілу реакциясын келтірініз
Зертханалық сабақ 2 – Каучуктың және резинаның қасиеттері
Жұмыс мақсаты: Каучук пен резинаның қасиеттерін анықтау
Тәжірибе № 1. Бромды судың каучукке әсері
Зерттелетін каучуктің ұсақ бөлшектерін бромды суы бар пробиркада араластырады. Бромды суды полиизобутиленді, бутилкаучук, силиконды каучуктер түссіздендірмейді.
Каучуктердің бромдану реакцияларының теңдеуін жазыныз.
Тәжірибе № 2. Түсті реакция арқылы каучуктерді ашу
Резина үлгілеріне CCl4 ерітіндісінің шағын мөлшерін құяды (сабаққа дейін екі сағат бұрын). Оған бромды судың 4-5 тамшысын құйып, екі минутқа қойып қояды. Одан кейін бір грамм фенол қосып, еріткішті жою үшін су моншасында қыздырады. Нәтижесінде көк немесе күлгін қызыл түстің түзілуі табиғи каучуктің барын көрсетеді.
Тәжірибе №3. Хлорпренді каучукті ашу
Үлгіні жалынға енгізіп, бөлінген газ тәрізді заттарға ылғалды индикатор қағазын жақындатады. Түстің өзгеруін байқайды.
Үлгіні газды түтігі бар пробиркада қыздырады. Ыдырау газдарын күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізеді. Реакция теңдеуін келтіріңіз.
Тәжірибе №4. Күкіртті ашу
Үлгіні металды натриймен балқытып, балқыманы ерітеді де алынған ерітіндіні филтрлейді. Фильтраттың бір бөлігіне қорғасын тұзын қосады. Кейін қоныр немесе қара түсті тұнбаның түзілуін байқайды.
R-S + Na + O2 Na2S + CO2 + H2O
Na2S + Pb2+ → PbS + 2Na+
Фильтраттың екінші бөлігіне натрий нитропруссид ерітіндісін қосады – күлгін түс түзіледі.
Na2S + Na2[Fe(CN)5NO]→Na3[Fe(CN)5NOSNa]
Бақылау сұрақтары:
Изопренді, бутадиенді, бутадиеннитрилді, бутадиенстирольді, хлорпренді, полиизобутиленді каучуктердің түзілу реакцияларын келтіріңіз.
Каучуктердің күкірт көмегімен жүретін вулкандау процесі қалай өтеді? Реакцияларды келтіріңіз.
Неге каучук сұйық көмірсутектерде ериді, ал резина ісінеді?
Зертханалық сабақ 3 – Табиғи талшықтар қасиеттері
Жұмыс мақсаты: Табиғи талшықтардың қасиеттерін анықтау
Тәжірибе №1. Сұйытылған минералды қышқылдардың табиғи талшықтарға әсері
Талшықты 3% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында 5 минут қыздырады. Шайып, кептіргеннен кейін өзгеріс барма екенін белгілейді. Сұйытылған қышқыл ерітінділерінде талшық үлгілері өзгермейді.
Тәжірибе №2. Концентрлі минералды қышқылдардың әсері
Талшық үлгілерін концентрлі қышқылдарға батырады. Үлгілер тез ісініп, ыдырай бастайды. Концентрленген азот қышқылында жүн мен жібек ісініп, сары түске боялады (ароматты оксиаминоқышқылдарға тән ксантопротеин реакциясы), мақта ериді.
Ксантопротеин реакциясы
Мақта гидролиз нәтижесінде ериді
Тәжірибе №3. Сұйытылған сілтілердің әсері
Үлгілерді 3% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында бес минут қыздырады. Жүн және жібек ериді (петидік байланыс арқылы гидролиз), мақта өзгеріссіз қалады.
Тәжірибе №4. 10% сілті ерітіндісінің әсері
Үлгілерді 10% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында қыздырады. Үлгілердің өзгерісін белгіленіз.
Тәжірибе №5. Еріткіштердің әсері
Үлгілерді ацетон, бензол, этанол ерітінділеріне салып, өзгерістерді бақылайды.
Тәжірибе №6. Жану
Горелка жалынына үлгілерді енгізеді. Сәйкес өзгерістерді байқап, белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
Бейорганикалық қышқылдарда талшықтардың еру ерекшелігі?
Сілтілік ортада талшықтардың деструкциясы қалай өтеді?
Сусыз ортада талшықтардың деструкциясының ерекшелігін сипаттаңыз
Зертханалық сабақ 4– Пластмассалар қасиеттері
Жұмыс мақсаты: Пластмассаның қасиеттерін зерттеу
Тәжірибе №1. Қышқылдардың, сілтілердің пластмассаларға әсері
Полимелердің үлгісін күкірт қышқылы (конц), азот қышқылы (конц), NaOH (10%) бар пробиркаларға салып, 10 минут қалдырады. Полимердің барлық үлгілері өзгеріссіз қалады, ФФАШ ыдырады. Пробиркаларды қыздырады, өзгерісті бақылайды.
Тәжірибе №2.Қыздыру кезіндегі өзгеріс, жану қасиеті
Пластмасса үлгісін торда жалынға бірнеше секундка енгізеді, өзгерістерді белгілейді. Қысқышпен үлгіні жалынға әкелгенде өзгерісті бақылайды.
Тәжірибе №3. Еріткіштердің әсері
Бензол мен ацетон еріткіштеріне үлгілерді енгізіп, өзгерісті белгілейді.
Тәжірибе №4. Пластмассаларды анықтау
Үлгілерді құрғақ пробиркаға салып, газ бөліктегіші бар қақпақпен жабады, қыздырады. Газ тәрізді және сұйық өнімдерді зерттеу:
Калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізу
Бром ерітіндісі арқылы өткізу
Күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізу
Лакмуска сынау.
Қажетті реакция теңдеуін жазыңыз
5. Еріткіштердің әсері (кесте №1)
Кесте 1
№
|
Полимер атауы
|
Жану ерекшелігі
|
Қыздыруға әсері
|
Ыдырау өніміндеріне реакциялар
|
1
|
Полиэтилен
|
|
|
|
2
|
Поливинилхлорид
|
|
|
|
3
|
Полистирол
|
|
|
|
4
|
Полиметилметакрилат
|
|
|
|
5
|
Фенол-формальдегидті шайыр
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |