Жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін кредиттік жүйе жағдайында ұйымдастыру жолдары


Ұлыбританиядағы кредиттік жүйе – CATS



бет3/5
Дата15.12.2021
өлшемі26,88 Kb.
#101512
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МӨЖГе
тест 1-деңгей, 10-сынып жылдык тест(география), 10-сынып жылдык тест(география), ІСОР8сын ІІІтоқ
Ұлыбританиядағы кредиттік жүйе – CATS (Credit Accumulation and Transfer Scheme/System – кредиттерді жинақтау және аудару сұлбасы/жүйесі) –кредиттерді жинақтаудың және аударудың британдық жүйесі, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында құрылдыҰлыбританияда бірнеше сұлбасы бар. CATS кредиттік оқыту жүйесіне Ұлыбританияның, Біріккен корольдіктің, Оңтүстік Африка және Жаңа Зеландия елдерінің оқыту жүйелері негізделген [3; 82].

Жүйенің жасалу мақсаты студенттердің академиялық еркіндігін және икемділігін қамтамасыз етуді көздейді. Ол студенттерге пәндерді елдегі және шетелдегі басқа оқу орындарынан игеруге жағдай жасайды. Алдыңғы оқулардың кредиттері жинақталады, оқытудың күндізгі және кешкі оқыту формаларын үйлестіре оқуға, үзілістен кейін оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Британдық жүйедегі кредиттік технологиялар американдық жүйедегі сияқты тек мамандарды дайындау бағыты бойынша ғана емес (заң, экономика, философия), мамандану бойынша да (еңбек құқығы, қаржы құқығы, менеджмент, қаржы және т.б.) қолданылады. Кредиттер дайындықтың бір деңгейінен екіншісіне өткенде (колледж, бакалавриат, магистратура) жинақталады.

Жаһандану үдерісі жағдайда қысқа мерзімде әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу  және халықаралық білім стандарттарына жақындау міндетін жүзеге асыру үшін еліміздің білім беру жүйесі кредиттік технологияны енгізумен қатар, отандық озық тәжірибе мен дәстүрді, тұлғаның мүддесі мен қабілетін ескере отырып, білім беру мекемелерінде қолдану қазіргі таңдағы білім беру мекемелерінің өзекті мәселелерінің бірі оны жетілдіру әрбір маман міндеті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет