Жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін кредиттік жүйе жағдайында ұйымдастыру жолдары


Болон процесінің негізгі мақсаттары



бет5/5
Дата15.12.2021
өлшемі26,88 Kb.
#101512
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МӨЖГе
тест 1-деңгей, 10-сынып жылдык тест(география), 10-сынып жылдык тест(география), ІСОР8сын ІІІтоқ
Болон процесінің негізгі мақсаттары

Болон декларациясы мәтінінде интеграциялық үдерістің алты негізгі мақсаты тұжырымдалған:

1. Жеңіл түсінілетін және салыстырмалы деңгейлер жүйесін қабылдау, оның ішінде еуропалық азаматтардың еңбекпен қамтылуын және еуропалық жоғары білім жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған жалпы Еуропалық дипломға Қосымшаны енгізу арқылы.


2. Деңгейге дейінгі (undergraduate) және деңгейден кейінгі (graduate) - екі циклге негізделген жүйені қабылдау. Екінші циклге қол жеткізу ұзақтығы үш жылдан кем болмайтын оқытудың бірінші циклын сәтті аяқтауды талап етеді. Бірінші циклді аяқтағанда берілетін дәреже, еуропалық еңбек нарығында талап етілетін тиісті деңгейдегі біліктілік болуы тиіс. Екінші цикл көптеген Еуропа елдеріндегідей магистр дәрежесіне және/немесе доктор дәрежесіне қол жеткізуге алып келуі тиіс.
3. Кең ауқымды студенттік ұтқырлықты қолдаудың тиісті құралы ретінде ECTS – еуропалық кредитті трансферлеу жүйесі - үлгісі бойынша кредиттер жүйесін енгізу. Кредиттер қабылдаушы мүдделі университеттер оларды таныған жағдайда, жоғары болып табылмайтын, оның ішінде бүкіл өмір бойына білім алу (lifelong learning – LLL) шеңберінде де алынуы мүмкін.
4. Төмендегілерге назар аудара отырып, еркін қозғалысты тиімді жүзеге асыруда кедергілерді артқа тастау жолымен ұтқырлыққа көмектесу:
    •  оқушыларға білім алуды және практикалық дайындықты, сонымен қатар ілеспе қызметтерді алуға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
   •  оқытушыларға, зерттеушілерге және әкімшілік қызметкерлерге, олардың заңмен белгіленген құқықтарына еш зиянсыз, еуропалық аймақта зерттеулер, оқытулар және машықтанулар өткізуіне жіберген уақыты кезеңдері танылуы қамтамасыз етілуі тиіс. 
5. Салыстырмалы критерийлер және әдіснамаларды әзірлеу мақсатында, білім беру сапасын қамтамасыз етуде еуропалық әріптестікке көмектесу.
6. Жоғары білімдегі қажетті еуропалық көзқарастарға көмек көрсету, әсіресе оқу жоспарларын дамытуға, институт аралық әріптестікке, ұтқырлық сызбаларына, бірлескен оқыту бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерді өткізуге және практикалық дайындалуға қатысты.

Жоғарыда айтылғандардан, болашақ еуропалық үйлестірілген үлгі үшін көптеген еуропалық және тек еуропалық қана емес елдерде әртүрлі нұсқаларда қолданылатын, Ұлыбритания мен АҚШ үшін әдеттегі болып табылатынжоғары білімнің екі деңгейлік жүйесі (бакалавриат – магистратура) болып табылады. Екі деңгейлік жүйені таңдау үшін дәлелді негіздер болуы тиіс. Қазіргі таңда білімді тұрақты түрде толықтырып отыру қажет. Сондықтан, түлекті ауқымды дайындықтан өткізу және білімін, шеберлігін және машықтарын қажеттілігіне байланысты толықтыруға, жаңғыртуға үйрету қажет. Бакалавриат осындай дайындыққа бағытталған (әртүрлі жүйелерде – 3-тен 4 жылға дейін). Бакалавриат аяқталған жоғары білім береді, бакалавр дипломын алған түлектер тиісті штаттық қызметтерді атқара алады. Магистратура (әдетте 1 – 2 жыл) бір жақты және тереңдетілген мамандандыруды меңзейді, магистрант негізінен ғылыми-зерттеушілік және/немесе оқытушылық жұмыстарға бағытталған.



Кәсіптік білімге заманауи көзқарастың негізгі ерекшелігі оның үздіксіздігі, біліктілікті тұрақты түрде жетілдірудің, бүкіл өмір бойына оқудың (LLL) қажеттілігі болып табылады.  Болон декларациясында бұл жағдайға ерекше назар аударылған.

Болон процесінің 2010 жылға дейінгі негізгі мақсаттары:

  • жоғары білімнің еуропалық аймағын азаматтардың, еңбекке қамтылу мүмкіндігімен ұтқырлықтарын дамытудың негізгі бағыты ретінде құру;

  • Еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру және бекіту;

  • Еуропалық жоғары мектептің әлемдегі беделін арттыру;

  • Еуропалық ЖОО-дарының студенттер, қаржы, ықпал үшін басқа білім беру жүйелерімен күресіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

  • жоғары білімнің ұлттық жүйелерінің салыстырмалылығына және үйлесімділігіне қол жеткізу;

  • білім сапасын арттыру;

  • университеттер еуропалық сананың тасымалдаушысы ретінде қарастырылатын, еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің орталық рөлін арттыру.

Болон процесіне қатысушылар:
Мемлекеттер Болон процесіне ерікті түрде тиісті декларацияға қол қоя отырып кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет