Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыруды жетілдірудің кәсіби-педагогикалық негіздері»



бет1/3
Дата25.06.2017
өлшемі1,17 Mb.
#20065
түріБағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1.

17 /01-2013




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы

«Дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыруды жетілдірудің кәсіби-педагогикалық негіздері»

№ 2 басылым

от ____ 09. 2013 г.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыруды жетілдірудің кәсіби-педагогикалық негіздері»

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы үшін
Оқу – әдістемелік материалдары

Семей


2014


Мазмұны:


  1. Глассарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Курстық жұмыстардың жобалары

  5. Студенттердің өздік жұмыстары


Пәннің арнайы сөздіктері –глоссарий:

Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.

Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.

Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі.

Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.

Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.

Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.

Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.

Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.

Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру

Түсінік –бұл ќандайда бір сөздіктің бекітілген баршаѓа ортаќ атауы жєне аныќталатын ќұбылыстыњ белгісі немесе мањызды жаѓы мен ќұрылысы-бұл адамзат ойлауыныњ негізгі формасы. Дене мєдениетініњ ілімдері мен єдістемелерініњ негізгі түсініктеріне жататындар: дене дамуы, дене жаттыѓулары, дене білімі, дене дайындыѓы, дененің жетілуі, дене тәрбиесінің жүйесі, дене мєдениеті, спорт.

Дененің дамуы-бұл ќалыптасу процессі, жеке бастың өмір бойына қалыптасуы және келешекте өзгеруі, ағзаның морфологиялыќ ќызметінің ерекшелігі және соѓан негізделген дене сапалары мен ќызметтері.



Дене жаттыѓулары - бұл дене тәрбиесінің заңдылыќтарымен сәйкес, алдына ќойѓан міндеттерін шешу үшін арнайы ұйымдастырылѓан ќозѓалыс әрекеті. Біраќ, кез келген ќозѓалыс әрекеті дене жаттыѓулары бола алмайды. Дене тєрбиесініњ міндеттерін шешуге баѓытталѓан жєне педагогиканыњ зањдылыќтарына баѓынѓан ќозѓалыс єрекеттері ќана дене жаттыѓулары бола алады.

Дене тєрбиесініњ білімі - б±л оќу-тєрбие ж±мыстарыныњ нєтежиесі, дене тєрбиесі зањдылыќтарын µз беттерінше т‰сіну, ќозѓалыстыњ ептіліктері мен єдеттерін жєне ж‰йеленген арнайы білімдерді игеру, µмір с‰ру барысында ќолдана алу процессі.

Дене тєрбиесініњ білімін игерудіњ негізгі жолы- б±л ќозѓалыс єрекетін ‰йрену жєне арнайы білімдерді игеру, ќозѓалыстыњ ептіліктері мен єдеттерін ќалыптастыру, к‰нделікті µмірде ќолдана білу, жинаќталѓан білімін басќа адамдарѓа жеткізе білудіњ нєтежиесі.

Дене дайындыѓы т‰сінігі- дене тєрбиесініњ ќолданбалы баѓытын ењбек немесе басќада кєсіптік салада ќолданылуын білдіреді. Жалпы жєне арнайы дене дайындыѓы болып екіге бµлінеді.

Жалпы дене дайындыѓы єрт‰рлі ќозѓалыс єрекеттерінде жетістікке жетудіњ негізі- ќозѓалыстарды кењ кµлемде игеру жєне дененіњ даму дењгейін жаќсартуѓа баѓытталады.

Арнайы дене дайындыѓы- наќты іс єрекетте жетістікке жетуге баѓыттайтын, адам баласыныњ ќозѓалыс єрекетіне арнайы талап ќоятын жєне арнайы ±йымдастырылѓан процесс (мамандыѓы, спорттыњ т‰рі т.с.с.). Дене дайындыѓыныњ нєтежиесі болып ќалыптасќан ќозѓалыс єрекетініњ жетістігін кµрсететін маќсатты ±йымдастырылѓан ќозѓалыс єрекетініњ тиімділігі есептеледі.(дайындыќ процессініњ баѓыты есептеледі).

Дененіњ жетілуі- б±л жањадан ќосылѓан т‰сінік. Дененіњ жетілуі дегенімізді заман талабына сай, дене дайындыѓы мен даму дењгейі тарихи жаѓдайдыњ н±сќасы бола алатын адамзат баласыныњ дамуын айтамыз.

Дене тєрбиесініњ ж‰йесі - б±л адамзат баласыныњ дене дамуын ќамтамасыз ететін жєне салауатты µмір салтын ќалыптастыратын , єлеументтік-экономикалыќ, ќ±ќыќтыќ, єдістемелік, баѓдарламалыќ-нормативтік жєне ±йымдастырушылыќ негіздерін ќосатын тарихи ќалыптасќан дене тєрбиесініњ єлеументтік практикалыќ т‰рі. Дене тєрбиесініњ ж‰йесі ќоѓамдаѓы басќа ж‰йелермен (экономика, ѓылым, мєдениет, саясат) жєне оларѓа тєн элементтер ќ±рамымен, атќаратын ќызметтерімен сипатталады.

Дене мєдениеті ќоѓамныњ адамзат баласыныњ дамуы ‰шін туындап жєне ќолданылатын материалдыќ жєне рухани ќ±ндылыѓы.

2. Дәріс тақырыптары және қысқаша мазмұндары

Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары
Кіріспе бөлімі:

Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері

Негізгі бөлім:

1.Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары.

2. Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары

3. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттықтыру дайындықтары

Қорытынды

1 Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әртүрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мұмкішіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

- жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;

- оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру;

- дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру;

- нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1 Арнайы бағыт. Ол бағыт – спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:



  • Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);

  • Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ);

  • Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);

  • Спорттық мектеп-интернаттар.

2 Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрган балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

  • Жазғы сауықтыру лагері;

  • Еңбек сауықтыру лагері;

  • Стадиондар, су станциялары;

  • Жас туристер станциялары;

  • Мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;

  • Мәдени демалыс парктері;

  • Аула клубтары.


2 Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық- сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.

Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі құрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мұмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпылагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:


  • сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары;

  • лагердегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;

  • отрядтардағы спорт ұйымдастырушылар жұмыстарын ұйымдастыру;

  • лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиене ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу;

  • лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу.

Лагердегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Көп жылдық демалыс лагерлеріндегі жүргізілген жұмыс тәжірибесі өзіндік бір тексеруден өтілген дене тәрбиесі жұмыстарының жүйесін құрайды. Сол тәжірибеден өткен жүйе бойынша демалыс лагерлерінде төмендегідей дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының түрлері жүргізіледі.



Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары. Күн тәртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрде орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн және ауа ванналары, суға жүзулер.

Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары. Олар: отряд ішінде жүргізілетін әртүрлі жаттықтырулар; лагерлік жарыстарға, конкурстерге дайындықтар; дене тәрбиесі тақырыбына өткізілетін әртүрлі тақырыптардағы әңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жорықтар; жер жағдайына байланысты ойындар.

Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, ұлттық қозғалмалы және спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматтан, дойбыдан өкізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.

Әртүрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу- жаттықтыру сабақтары. Жазғы демалыс кезінде спорт мектептерінде, мектеп секцияларында спорт түрлерімен жаттығатын оқушылар өздерінің жаттықтыруларын үзе тұруға мәжбүр болады. Демалыс лагерлерінде осы спортшыларға және дене қуаты дайындығы жақсы балаларға арнап спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер әртүрлі спорт түрлерінен үйірмелер, жаттықтырулар ұйымдастырады. Ол жаттықтырулар жазғы сауықтыру лагерінің спорт базасына, спорт құрал жабдықтарына байланысты жүргізіледі.

Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерлер жыл сайын әртүрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді. Көптеген жұмыстарға оқушылар да қатыстырылады. Балалардың ол жұмыстарға қатысуы, өз қолдарымен көптеген жұмыстарды істеуі олардың келешек өміріне, еңбек тәрбиесіне, әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуына пайдасы зор.

Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркәсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауатты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы жақсы білуі тиісті. Олармен қазақтың батырлары, мықты спортшылары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары, спорт жаңалықтары, тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындаудың ағзасына пайдалы әсері туралы әңгімелер, дәрістер өткізіп тұрудың пайдасы зор. Спорт тақырыбына плакаттар, қабырға газеттер шығару, спорт шеберлерімен кездесулер өткізу, спорт тақырыбына викториналар өткізу, осының бәрі үгіт, насихат жұмыстарына жатады.

Балалар демалыс лагерлерінде осы жоғарыда айтылған барлық дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері, мектеп директорлары барлық қолдан келген мүмкіншіліктерін, жағдайларын жасап осы жұмыстардың бәрін ұйымдастырса оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға үлкен пайдалы әсері болар еді.



Сауықтыру лагерлерінде жүрізілетін жұмыс құжаттары:

  1. Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;

  2. Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

  3. Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары:

- көпшілік спорт күнтізбелік жоспарымен танысу;

- дене тәрбиесі және спорт белсенділерін тағайындау;

- суға түсу және қауіпсіздік ережелерімен танысу;

- саптық жаттығуларға үйрету;

- қозғалмалы ойындарды ойнауға үйрету;

- жарыс ережелерімен таныстыру;

- жарақат алған жағдайда бірінші көмек көрсету әдістерімен таныстыру.

4 Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:

- жарыс ережелерін үйрету;

- жарыс құжаттарын толық білуге үйрету;

- хаттамаларды толтыра білуге үйрету;

- жарысқа төрешілік етуге үйрету.

5 Есепке алу құжаттары:

- жүргізілген шараларды тіркеу журналы;

- Президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған журнал;

- денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу журналы.


29-кесте –Жазғы сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі мен спорттан жүргізілетін шаралардың жоспары


Күні

Уақыты

Жүргізілетін әр түрлі шаралар жоспары

1

күні бойы

Келу, қарсы алу, орналастыру, топтарға бөлу

2

түске дейін

Топтардағы әңгіме, спорт түрлерімен айналысушыларды білу

3

түске дейін

Жүгіру, секіру, ойындар, жаттығулар өткізу




түстен кейін

Спорттық ойындардан қысқа жарыстар, жолдастық кездесу өткізу

4

күні бойы

Лагердің ашылу салтанаты, әртүрлі жарыстар өткізу

5

түске дейін

Серуендеу, лагердің тұрған жерінің айналасын көру, жергілікті қозғалмалы ойындар ойнау

6

түске дейін

Топтардағы жаттықтыру, суға түсу, жүзу




түстен кейін

Секіруден және лақтырудан жарыстар өткізу

7

түстен кейін

Спорт ойындарынан жарыстар өткізу

8

таңертең, кешке

Кезекті жаттықтырулар, спорттық жаттықтыру жұмыстары

9

таңертең, кешке

Саяхатқа шығу, суға түсу.

Кешке спорттық КВН



10

таңертең

Суға жүзуден жарыс өткізу

11

таңертең

Бүкіл лагерлік жергілікті қозғалмалы ойын өткізу

12

кешке

Лагерь біріншілігі эстафеталық жарыстар өткізу

13

таңертең, кешке

Кезекті жаттықтыру, спорттық жаттықтыру жұмыстарын жүргізу

14

күні бойы

Жеңіл атлетикадан, спорттық ойындардан жарыстар өткізу

15

күні бойы

Туристік жорыққа шығу

16

күні бойы

Туристік жорыққа шығу

17

таңертең

Суға жүзуден лагерь біріншілігін өткізу. “Су перісінің” мерекесі

18

кешке

Кешкі спорттық мереке, спорттық викторина өткізу

19

кешке

Жүгіруден, кросстан жаттықтыру өткізу

20

түстен кейін

Кросстан лагердің біріншілігін өткізу

21

түстен кейін

Суға жүзуден топтар арасында жарыстар өткізу

22

түстен кейін

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындардың финалдық жарыстарын өткізу

23

күні бойы

Спорттық мереке, лагердің салтанатты жабылуы, алау жағу (костер)

24

таңертең

Марапаттау, бөлмелерді тәртіпке келтіру, үйге қайтуға жиналу, үйге қайту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет