129
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі –
ағылшын тілді дамыту
және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы –
тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби
мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында ағылшын
тілді оқыту – тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет
бабында және жеке қарым-
қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын көздейді. Осы
орайда ағылшын тілінің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, бұйрықтар, баянат, өзге
де құжаттардың шетел тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-
шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Шетел тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың концептуалдық
негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту және осы даярлық үдерісін оқу-
әдістемелік
кешенмен қамтамасыз ету; өзгетілді дәрісханада ағылшын тілін оқыту
әдістемесіне байланысты оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты
мәселеге айналып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартының
құрамды бөлігі, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының міндетті
құрылымы ретінде «Кәсіби бағытталған ағылшын тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету
үшін осы типтік оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы ағылшын тілінің қолданыс
аясын
барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру
мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі
күннің талаптарына толық жауап беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Курстың құрылымы.
3. Курстың деңгейлік мазмұны.
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері.
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және
қорытынды бақылау жұмыстары
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
130
6. Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер.
ЖОО-ның қазақ, орыс және шетел тілдер кафедралары мамандықтарына сай тіл
үйренушілердің тілдік дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған бағдарлама негізінде
жұмыс-оқу
бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені мен оқу құралдарын шығаруларына
болады.
Достарыңызбен бөлісу: