Жоғары педагогикалық білім


Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша



Pdf көрінісі
бет129/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша 
әдістемелік нұсқаулықтар
Кредиттік технология бойынша баллдық жүйе студенттің білім деңгейін бағалауда 
маңызды рөл атқарады. Студент біліміне объективті түрде қойылатын қорытынды баға 


135 
бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және 
оқу кезеңіндегі студенттің жалпы жинаған балдың көрсеткішімен анықталады. 
Бақылаудың 3 түрі бар: 
1) ағымды (апта сайын немесе модульді аяқтаған соң); 
2) аралық (кесте бойынша, 7 апта, 14 апта); 
3) қорытынды (курсты аяқтағаннан кейін). 
Әр аптада сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, сөздік диктант және т.б. түріндегі ағымды 
бақылау алынады. 
Аралық бақылау кесте бойынша, 1 кезеңде 2 рет өткізіледі. Ол 7 аптада өтілген 
материалдарды қайталау, пысықтау, бекіту түрінде алынады. Өткізу түрі – ауызша, жазбаша, 
тест тапсырмалары және т.б. 
Ал қорытынды бақылау (емтихан) жұмысы оқу кезеңі аяқталғанда өткізіледі. Бақылау 
тапсырмалары мен сұрақтары алдын ала беріледі. Сұрақ саны 75-100-ге дейін аралықта 
болуы керек. 
Қорытынды бақылау-емтиханды ауызша, жазбаша, тест және аралас түрде өткізуге 
болады. Емтихан сұрақтары курс бағдарламасының мазмұнын қамтуы керек. Билет саны 
студенттің санына сай болуы қажет. Әрбір билет 3 сұрақтан тұрады. Егер тест тапсырмалары 
түрінде болса, аудиториялық сағат саны және курс мазмұнының ерекшелігіне қарай құрылуы 
керек. Тест тапсырмалары түрінде берілген 25 сұрақтың әрқайсысына 5 нұсқадан жауаптары 
берілуі керек. Тест сұрақтары, билеттер сессия алдында кафедра мәжілісінде бекітілуіқажет. 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) 
 
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, 
өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, 
сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына 
бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін 
жетілдіру үдерісі жатады.
Жоғары оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқыту тәжірибесінде ұйымдастырылатын 
студенттердің өзіндік жұмысы келесідей болып бөлінеді: студенттердің оқытушының 
басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыс; студенттердің жеке өздері орындайтын өзіндік 
жұмыс. Студенттердің өзіндік жұмысы - олардың оқу танымдық әрекетінің ерекше түрі. 
Оның өзіне тән сипаты мынада: бұл жұмысты орындау барысында оқытушы жағынан 
тікелей басшылық болмайды. Оқытушы тек кеңес беруші, көмекші рөлін атқарады. 
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде төмендегі мәселелерге назар 
аудару қажет: 
-
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына; 
-
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау түріне; 
-
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына; 
-
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы төмендегідей сатылардан тұрады: 
СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және 
одан ары дамыту. 
Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер 
пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында 
көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің 
мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын 
ескеру қажет. 
Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау 
жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін. 
Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері конференция, іскерлік ойын, жеке 
сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін. 


136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет