Жоғарыжәне (немесе) жоғарыоқуорнынанкейінгібілім беру ұйымдарынаарналған «Қазақстантарихы» жалпыбілімберетінпәнініңтиптікоқубағдарламасы


тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



бет2/20
Дата10.12.2022
өлшемі77,81 Kb.
#162181
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына

3 тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарлама 5 тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).
8. Пәнді оқыту процесінде қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
1) интерактивті және сандық технологиялар;
2) оқытудың жобалық әдістері;
3) проблемалық оқыту технологиялары;
4) геймификация.


9. Пререквизиттері: орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы.
Постреквизиттер:мәдениеттану,психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ




І-БЛОК. ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).


Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы атқа міну мәдениетінің тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижелері. Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
Аймақтағы аридтену үдерістері. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың дамуы. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениетті жасаушылар. Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. Монументты сәулет өнерінің ескерткіштері. Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет