Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік



бет1/3
Дата03.11.2023
өлшемі16,71 Kb.
#189200
  1   2   3
Байланысты:
Жолда жүру ережесі


Күні:08.09.2023


Сыныбы : 6 Ә


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.


2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам, қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні, жол белгілері.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.


II. Негізгі кезең
Мұғалім:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.


Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6. Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
7. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

- Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?


Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.
- Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман алып қалайық!
«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1. Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.
2. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет