Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік



бет2/3
Дата03.11.2023
өлшемі16,71 Kb.
#189200
1   2   3
Байланысты:
Жолда жүру ережесі

Есіңе сақта.
Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!




Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет