Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде басқаның образын қалыптаструдан түзіледі. Аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өзінің сапаларын өзгертуге дайындығы мен қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, өзіндік ресурстарына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Аутопсихологиялық құзіреттіліктің жүйе ретіндегі құрылымдық компонентеріне; - рефлексивтік - өзін-өзі бағалау, бақылау - жобалаушылық - өзін-өзі өзгерту әрекетін жоспарлау - өзара камуникатифтілік – ішкі диолог - ұйымдастырушылық – ішкі ресурстарын өзін дамыту үшін аша алуы
Достарыңызбен бөлісу: |