Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдаст
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту технологиясына:
Интерактивтік оқыту технологиясына:
Жұптасып жұмыс істеу.
Ротациялық (ауыспалы) үштік.
Шағын топтармен жұмыс.
Аяқталмаған сөйлем.
Есептеу ағашы. /Дерево решений/
Өз атынан сот. /Суд от своего имени/
Азаматтық тыңдау.
Рөлдік /іскерлік/ ойын.
Өз позицияңды ұстан.
Дискуссия.
Интepбeлceндi оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей бiлім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Интepбeлceндi оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей бiлім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қaбiлeттepдi дамыту
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру:
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- оқу барысында жеке басыньң құндыльқтары мен сезімдерін калып
тастырып, белсенді өмірлік позиңия (көзкарас, дүниетаным) ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- баска да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар
Дәстүрлі технологиябілім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту – бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай оқу-оқтудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әректтері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау, реттеу және түзету.