Құзыреттіліктер туралы айтқан кезде құзырет пен құзыреттілік деген түсініктерді нақтылап алу керек. Құзырет – нақты өмірлік жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін мен дағдыларын және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы; айқын емес жағдайларда әрекет етуге дайындығы. Құзыреттілік – адамның тиісті құзыреттілікті иеленуі, қожа болуы, бұған біліктілік пен қызмет пәніне оның жеке қарым-қатынасы жатады. Құзыреттіліктің маңызды ерекшеліктері бар: әрдайым пайдалануға дайын күйде «сақталатын» білім, біліктілік пен дағдылардан айырмашылығы, құзыреттілік оны іске асыру кезінде ғана, демек, жағдайға байланысты жауап беру кезінде ғана «жиналады».
Достарыңызбен бөлісу: |