Білім, білік, дағды Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлығына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми- педагогикалық логиканың барлық ережелері бойынша бір жүйеге біріктірілген түсініктердің барлығын оқушылар игере алады деп айта алмаймыз, оқушы, көбінесе, өзінің жеке тәжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана меңгереді. Сондықтан оқу үрдісін ұйымдастырғандағы бастапқы нүкте субъектік тәжірибені көкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, дамудың жақын аймақтарын анықтау. Оқу қызметінің тәсілі Бұл технологияда барлық білім беру жүйесінің орталығы баланың даралық қасиеттері болып табылғандықтан оның әдістемелік негізінде оқу үрдісін даралау және саралау принциптері жатыр. Кез-келген пәндік әдістеменің негізгі идеясы –әр оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Одан кейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге асырылатын құрылым анықталады; Ең басынан әр бала үшін оқшауланған орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог кәсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;
Достарыңызбен бөлісу: |