Дәріс 5
Тақырып 5. «Көркем еңбек» пәнінің оқу-материалдық базасы
Жоспар:
1 Оқу-материалдық базасы және оқу-әдістемелік кешен
2 Оқу шеберхана бөлмелеріне жабдықтарына, безендірілуіне жəне оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын талаптар
3 Оқулықпен жұмыс (тәрбие беру мен дамыту функциясы) 4 Оқулықпен жұмыс істеудің негізгі мақсаттары
Тақырып 5. «Көркем еңбек» пәнінің оқу-материалдық базасы
Тәжірибелік сабақ Сұрақтар: Оқу шеберханаларына сипаттама
Оқулықтағы көрнекі материалдарды 3 топқа біріктіру
Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту әдістемесі)
Тапсырмалар: Оқу шеберхана бөлмелеріне қойылатын талаптар
Жұмыс дәптері (оқушы дәптері)
Әдебиет
Оқытушыға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018
Белгілі бір бағыт бойынша жұмыс аймақтары құрылатын «Мата мен тамақ өнімдерін өңдеу бойынша шеберхана», «Конструкциялық материалдарды (металл және ағаш) өңдеу бойынша шеберхана» құрамдасқан шеберханалар ұйымдастыру рұқсат етіледі.
Оқу кабинеттері мен шеберханалары ғимараттың бірінші қабатында орналасуы мүмкін. Оқу шеберханалары жарық, құрғақ әрі жылы болуы керек. Әрбір шеберхананың ұсынылатын ауданы – 70 м2 –дан кем болмауы керек.
Бөлмені эксплуатациялау, жабдықтау, жоспарлау, жарықтандыру кабинеттер мен оқу шеберханаларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Ескертпе:
Пәнді тиімді оқыту үшін сабақ кестесінде жұп сабақтарды жоспарлау қажет. Бұл жағдайда мұғалім мен оқушыларға бекітілген оқыту мақсаттарын толық көлемде іске асыру мүмкіндігі болады.
Қазіргі кабинет немесе лаборатория машина құрылысты оқу үшін бұл инженерлі педагогикалық күрделі комплекс. Оқу пәннің пішініне байланысты механикалық, электроэнергиялық, электронды, гидравликалық және т.б. объектілер, процестер, жүйелер көрсетілуі керек. Кабинеттің, лабораторияның саналы түрде болуы инженерлердің міндеті құрылысты электротехникалық міндеттерді, керекті кабинеттің жобалауы болып табылады.
Көбінесе техникалық және технологиялық пәндерінің кәсіби және орта мектеп оқу жоспарында лаборатория практикалық жұмыстардың циклдері бар. Лабораторияның көлемі оның құрылғыларының кеңділігімен, орналасу шектерін анықтайды. Үлес ауданын мөлшерлеп құрастыру үшін оны 15-20% үлкейту керек, яғни лабораториялық жұмыс болғаны мен қосымша құрылғылар орнатылады, ал жұмыскерлердің саны бір жұмыс орнында (мысалы: металл кескіш станогында) 2-3 адам бола алады.
Оқу орнының дымқылдығы 40-60% деңгейде ұсталынады. Бұл желдеткіш арқылы іске асады. Көбінесе кәсіби және орта мектептерде қазіргі жоба бойынша салынғанда ауаның салқындатылуы, яғни ауаны арнайы құрылғымен өңделуін қарау керке, тұрақты метеорологиялық жағдайымен , температурамен, дымқылдылықпен, құраммен қамтамасыз етілуі. Кабинетті, лабораторияда ауанның құрамы факторларға байланысты болады, бөлменің санитарлы жағдайы, оқушылардың киімдері, олардың дем алулары, жұмыс істегенде газдардың және шаңдардың бөлінулері.
Оқушылардың жұмыс орнының жарықтануы үшін терезеден күн түсу керек, ал күн түсу үшін сол жаққа терезені орналыстырады. Кабинеттердің және лабораторияның терезелерін оңтүстік – шығыс, оңтүстік, оңтүстік – батысқа келтіру керек.