Жоспар: 1 Оқу-материалдық базасы және оқу-әдістемелік кешен


Оқу шеберханаларындағы санитарлы-гигиеналық қағидалары және еңбекті қорғау



бет2/5
Дата26.11.2023
өлшемі27,29 Kb.
#193532
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДТС5 (3)

Оқу шеберханаларындағы санитарлы-гигиеналық қағидалары және еңбекті қорғау.
Білім алушылардың жұмыс істеуіне арналған оқу-өндіріс орындарының сәйкес келмеуі негізгі проблемалардың бірі. Кәсіптік оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы білім алушылардың дамуына ықпал етеді. Білім алушылардың жұмыс істеуіне әсер ететін гигиеналық талаптар:

  • оқу -өндірістік орындарындағы ауа ортасының жағдайы;

  • барлық жердің жарықтануы;

  • өндірістік шуың көрсеткіші;

  • сабақ кезіндегі жұмыстың тәртібі.

Бұл барлық факторларың ескеріліп білім алушылардың жан-жақты дамуына, денсалығының нығаюуына әсер етеді.
Бұл талаптар ойдан шығарылған нәрсе емес, санитарлы –гигиеналық нормаларды сақтау туралы арнайы СП 2.4.2782-99 деген заң бар.
Ауа ортасының жағдайына байланысты оқу-өндірістік орындарында арнайы желдеткіш және жылуы болуы керек.
Оқу - өндірістік орындаындағы жарық екінші разрядты коэфицентке сәйкес болуы керек. өндірісті шудың көрсеткішін ескеру білім алушылардың жүйе жүйесіне әсер етеді. Ол 70 дБ-дан аспауы керек. өндіріс оқу орындарындпағы жұмыс тәртібі демалыспен алмасып отыруы керек.
Шебердің есінде болсын. Жұмыс орныңды дұрыс, таза ұста. Құралдарды ыңғайлы, өзіңе керек жерге қой. Жұмыс орныңды жұмыс аяғында арнаулы құралдармен щетка немесе ылғал шүберекпен мұқият тазала. Шыққан қалдық пен қоқысты ерінбей сыртқа шығарып отыр. Киіміңді, бойыңды ластамауға бейімдел. Құрал-сайман, станоктар, жұмыс орның әр уақытта таза болсын
Оқу шеберхана бөлмелеріне жабдықтарына, безендірілуіне және оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын талаптар.
Өндірістік оқытудың барлық материалдық оқыту базасы – шеберханалар, лабараториялар және басқа да жаймалар жеке ғимаратта немесе мекеменің оқыту корпусында бола алады. Жеке ғимаратта болу біршама тиімді. өндірістік дыбыстар теориялық сабақтарға арналған кабинеттерге енбейді. Оқыту шеберханаларының жағдайы мен жарықтандыруы білікті мамандар дайындау үшін қажет. нақ осы шеберханаларда жұмыс орнының тиімді ұйымдастырудың икемдері қалыптасады, өндірістік мәдениет қалыптасады.
Шеберханалардың аумағы жұмыс кезіндегі білім алушылардың физикалық белсенділігі және оқыту процесінің ерекшеліктерін есептегендегісімен қарастырылады. Ересек жұмыскердің жұмыс орнымен аумағының нормасымен салыстырғанда 25-40% ұлғайуы мүмкін. Оқыту -өндірістік шеберханаларға -15-25 адамға сыйуына байланысты бір білім алушыға келесі нормативті аумақтар орнатылған.
Cваркалық жұмысқа арналған шеберханалар, монтаждық шеберханалар металл кесуі жүретін ,және де ірі габаридті және ауыр құрал-жабдықтары бар шеберханалар, ірі габаридті обьектілермен жұмысты басқа шеберханалардан алшақ ұстайды, оны 1 қабатта орналастырады. Зертханаларды және шебрханаларды жертөрелерде және цоколды қабаттарда, және оқыту кабинеттерінің үстінде орналастыруға болмайды. осының негізінде лабораториялардың еденнен төбеге дейінгі ұсынылған биіктігі 3,3 м, ал ірігабаридті жабдықтармен-4,2 м.шеберханаларда жабдықтарды жарық түсірші қабырғаға 30-45 ° бұрышта немесе перпендикулярлы орналастырады. (станоктардың қатар арасындағы арақашықтығы -1,2м, ал қатардағы станоктардың арасы-0,8 м қашықтық кезінде)
Шағын габаридті құрал-жабдықтарға арақашықтықтары үшін -05 м, орташа габаридті жабдықтарға -0,6 м, ірі габаридтіге-0,8 м.
Арақашықтықтың нормалары
Верстак немесе станоктың қимасы арасындағы өтетін ені -800мм;
Қатарлар арасындағы ен-1200мм;
Шеберхана ортасындағы өту ені-2000мм;
Қабырғадан станоктың сырт жағына дейінгі арақашықтық-500мм;
Басқа станокка дейінгі арақашықтық -800-1000мм; жабдықтардың фронталды және сызықтық орналасуы мүмкін. Осылардың қайсысы тиімді екенін әр нақты жағдайда шешіледі.бөлменің онфигурациясы, жарықтану түрі және т.б факторлар. Өндірістік -оқыту шеберханалары үшін жоспарлау шешімдердің басты жағдайы: жұмыс орны нормадан асып кетуі мүмкін, бірақта кіші болмауы керек.
Өндірістік оқытуды барлық материалдық оқыту базасы – шеберханалар, лабараториялар және басқа да жаймалар жеке ғимаратта немесе мекеменің оқыту корпусында бола алады. Жеке ғимаратта болу біршама тиімді. өндірістік дыбыстар теориялық сабақтар арналған кабинеттерге енбейді. Оқыту шеберханаларының жағдайы мен жарықтандыруы білікті мамандар дайындау үшін қажет. Нақ осы шеберханаларда жұмыс орнының тиімді ұйымдастырудың икемдері қалаптасады, өндірістік мәдениет қалыптасады.
Шеберханалардың аумағы жұмыс кезіндегі білім алушылардың физикалық белсенділігі және оқыту процесінің ерекшеліктерін есептегендегісімен қарастырылады. Ересек жұмыскердің жұмыс орнымен аумағының нормасымен салыстырғанда 25-40% ұлғайуы мүмкін.Оқыту - өндірістік шеберханаларға -75-25 адамға сыйуына байланысты бір білім алушыға келесі нормативті аумақтар орнатылған.
Слесарьлік – 5,4 – 4,9 м2
Слесарлы – құрал-сайманды – 7,2-6,0 м2
Слесарлы – жиынтықты – 8,0-7,2 м2
Токарлық, механикалық – 12-10,8 м2
Электоргазосваршиктік – 12,0-9,6 м2
Электросваршик – 9,0-7,5 м2
Электормонтажды – 6,0-4,0 м2
Ағаш бойынша механикалық өндеу – 12,0-10,0 м2
Сваркалық жұмысқа арналға шеберханалар, монтаждық шеберханалар металл кесуі жүретін, жән де ірі габридті және ауыр құрал – жабдықтары бар шеберханалар, ірі габридті обьектілермен жұмысты басқа шеберханалардан алшақ ұстайды, оны 1 қабатта орналастырады. Зертханаларды және шеберханаларды жертөрелерде және цоколды қабаттарда, және оқыту кабинеттерінің үстінде орналастыруға болмайды. Осының негізінде лабораториялардың еденнен төбеге дейінгі ұсынылған биіктігі 3,3 м, ал ірігабаридті жабдықтармен – 4,2 м. шеберханаларда жабдықтарды жарық түсіршіә қабырғаға 30-45 0 бұрышта немесе перпендикуяры орналастырады. Шағын габаритті құрал-жабдықтарға арақашықтықтары үшін -0,5м, орташа габаридті жабдықтарға -0,6м, ірі габаридтіге – 0,8м

Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқушының пән бойынша білім мазмұнын игеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.


Пән бойынша ОӘК оқулық, жұмыс дәптері және мұғалімге арналған әдістемелік құралдан тұрады. ОӘК негізіне оқушылардың оқылатын пәнге қызығушылықтарын қалыптастыруға, сын тұрғысынан ойлауын, оқушыларды зерттеушілік мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік беретін белсенді оқыту әдістемесі салынған. ОӘК-де берілген материалдар ғылымилық және жүйелілік принципіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын және оқушының білімін кеңейтіп, терең меңгеруге көмектесуге арналған оқу кітабы. Ол белгілі бір жолмен сұрыпталған жүйеленген материалдан тұрады. Оқу материалы оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында зерделенеді.
Оқулықпен жұмыс істегенде оның мақсатты-ынталандырушы, функционалдық, құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет:
Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры:

- оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану ережелерін үйрету;


- оқушыларды өз бетінше ақпарат іздеуге, сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға үйрету;


- әлеуметтік тұрғыдан белсенді азамат тәрбиелеу, ізгілік мұрат және демократиялық құндылықтарды, қазақстандық патриотизм сезімін, ғылыми дүниетаным қалыптастыру;


- ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.


Оқулықтың функционалдық қырын дидактикалық функциялардан көруге болады. Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге болады. Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға болады: оқыту, тәрбие беру және дамыту.


Оқулықтың басты функциясы болып табылатын оқыту функциясы сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылықпен қолдану қабілетін, проблемаларды шешу қабілетін, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын (тілдік дағдыларды қоса алғанда), топта немесе жеке жұмыс істеу қабілетін, АКТ саласындағы дағдыларды қоса алғанда, оқушыларда білім, білік және дағдылардың барлығын қалыптастыруға, олардың қабілеттері мен дарынын дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет