Жоспар Бас қаңқасы 1 Бас сүйек бөлімдері 2



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі35,93 Mb.
#174907
1   2   3   4
Байланысты:
Бас сүйек семинар анатомия

Тор сүйек


Тор сүйек (решетчатая кость) — тақ сүйек, мұрын қуысының жоғарғы бөлігін толтыра жатады. Бұл сүйек ми сауытына да, бет сүйектерінің де құрамына кіреді. Тор сүйегінің көз шарасына қараған екі жақ бетін қағаз пластинка деп, ал ми сауытының қуысына қараған бөлігін тесікті пластинка дейді. Онын тесіктері арқылы миға иіс нервтері өтеді. Осы көлденең жатқан тесікті пластинка бөлігінен төмен қарай мұрын қуысын екіге бөліп тік пластинка түседі. Бұл пластинканын (ми қуысына қараған) үшкір бөлігін әтеш айдары дейді. Оған қатты ми қабығы тіркеледі.
Төменгі жағынан көрініс
Жанынан қарағандағы көрініс

Бас сүйектерінің өзара байланысы


Ересек адамдардың бас сүйектері жік арқылы өзара қимылсыз байланысып жатады. Олар тіс тəрізді, тегіс жəне қабыршықты жіктер деп аталады.
Тіс тəрізді жіктерде сүйек жіктері бір-біріне кірігe
жатады, мəселен, маңдай төбе сүйек, төбе-шүйде сүйек аралықтары. Тегіс жіктер деп сүйектердің бір- бірімен тегіс қосылуын айтады. Оған бет сүйектерінің қосылыстары жатады. Ал қабыршақты жік деп бір сүйектің жиегі екінші сүйектің жиегіне беттесіп жатуын айтады. Оған тебе сүйегі мен самай сүйегінің қосылысын айтуға болады. Бас сүйектерінің ішінде төменгі жақ қана буынды қосылыс түзеді, мұны жақ буыны деп атайды
Бас сүйектері бір-бірімен қосылып бірнеше сайлар, қуыстар, тесіктер түзеді. Оларға: бет бөлігіндегі екі көз шаралары, мұрынның алмұрт тəрізді ойындысы, самай шұңқыры т. б. құрылыстар жатады. Ми сауытының астыңғы бөлігінің іш жағында алдыңғы, ортаңғы жəне артқы деп аталатын ми ойыстары бар.
Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі жəне екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын аралық перде арқылы оң жəне сол бөлікке бөлінген.
Көз шарасы көз алмасын қосымша аппаратымен сақтайтын ойыс болып табылады.
Самай ойысы бастың бүйір бөлігінде орналасқан, ол маңдай, самай жəне сына сүйектерінің бөлімдерінен тұрады.
Алдыңғы ми ойпаты маңдай сүйектің көз бөлімі, тор сүйектің тесікше пластинкасы мен кіші

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Дайырбекова М.М Адам анатомиясының практикумы
  • М.Нұрышев Адам анатомиясы
  • Т.С Қосманбетов Адам анатомиясы 2013

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет