Жоспар: Дәрісті дайындау және жүргізу жаднамасы. Дәрісбаян түрлері, құрылымы. Дәріс сабағын өткізуде қолданылатын әдістер. Семинар сабақ өткізу түрлері



бет6/9
Дата22.04.2022
өлшемі1 Mb.
#140311
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СЕМИНАР 8. Экологиялық топырақтану

ДӘРІСТІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕМЕСІ 1. Ғылыми материалдарды жинақтау, оқу және жалпылау. 2. Бағдарламаға сай материалдарды топтастыру, оны тақырып бойынша және курс бойынша бөлу. 3. Түрлі тақырыптарға иллюстрациялық материалдар таңдау. 4. Аудиовизуалды құралдардың, оқу кинофильмдерінің әрқандай түрлерін таңдау. 5. Курсты оқудың жұмыс бағдарламасын жасау. 6. Әрбір дәрісті өңдеу: 7. Дәріске жинақталған материалдарды оқу; 8. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқу; 9. Иллюстративті материалдарды өңдеу.


ОҚЫТУШЫ МІНДЕТТІ: 1. Дәріс түрлерін игеруге (ақпараттық, мәселелік, екі адамдық дәріс, алдын-ала жоспарланған қателермен дәріс, дәріс-пресс-конференция). 2. Болашақ студенттердің оқылатын ғылымның принциптері мен заңдылықтарын шығармашылық игеруін қамтамасыз ету. 3. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін, олардың аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарын белсендіру. 4. Көрнекіліктердің әрқандай түрлерін пайдалану (табиғи, символдық). 5. Оқытудың техникалық тәсілдерін кешенді пайдалану. 6. Студентпен заңды түрде емес, пікір алмасушы, дәріске өзінің жеке ойымен бөлісуші ретінде келгендей қарым-қатынас жасау. 7. Студент құқығын өзіндік пікірі бойынша қабылдау. 8. Талқылау жүйесінің көмегімен жаңа білімдердің шынайылығын дәлелдей алу.
ДӘРІСТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МЫСАЛ РЕТІНДЕГІ СЫЗБАСЫ Дәріс тақырыбы, оның міндеттері (дидактикалық мақсат), жоғарғы міндет (дамытушы, тәрбиелеуші мақсат). Дәрістің мазмұндылығы (оның ғылымилығы, күрделілігі, теория мен практикадағы байланысы). Мәселелегі (жиі, аз немесе мүлдем болмауы). Көрнекіліктер мен үлгілерді пайдалану. Дәлелдігі (дәйекті, дәлелді). Студенттердің кәсіби іс-әрекетімен байланыс. Дәріс құрылымының нақтылығы. Лектордың студенттермен қатынасы (талап қоюшы, немқұрайлы, назар салушы т.б.). Аудиториямен және жеке студенттермен қатынасы. Дәріске қатысу. Конспектілеудің жеңілдігі. Лектордың мінез-құлқы (сенімді, еркін). Оқу мәнері (тартымды, тірі, жалықтырғыш). .
ЖОО СЕМИНАР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ ЖОО оқу жұмысының негізгі түрінінің бірі семинар сабағы болып табылады, ол көп жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын және ойлау деңгейін кеңейтеді. Олар дәрісте алынған білімдерін кеңейту мақсатында қолданылып, студенттің өз пікірін білдіретін талас сұрақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Семинар сабақтарын жүргізу үшін педагог келесі талаптарды ескеруі тиіс: - семинар сабағы барысында талқыланатын жағдайларды анықтау үшін мәселелік, кілттік сұрақтарды бөліп алу; - семинар сабақтарының тақырыбын жүйелі ұйымдастыру, олардың өзара байланысын анықтау; - нақты мәселені ашатын ғылыми жұмыс шеңберін анықтау; - сұрақтарға байланысты пікір-талас ұйымдастыру: - негізгі баяндамашының және оның қарсыластарының көзқарасын анықтау; - мәселені қоюды кеңейту жолымен аудитория назарын белсендіру; - семинар сабақтарындағы шығармашылық және ойын элементтеріне кіріспе; - теориялық және практикалық талқылаулардың өзара байланысы; - семинар сабағының барлық сұрақтарын жалпылау мен қайталауды ұйымдастыру; - семинар сабағы шеңберінде қорытынды жасау; - осы семинар сабағының келесі сабақпен байланысы туралы қосымша ақпарат беру; - келесі сабақта тыңдалатын ақпаратқа дайындалуды ұйымдастыру. Практикалық сабақтың орындалуы осы ғылымды теориялық меңгеру мен оның практикада қолданылуының арасындағы маңызды түйін болып табылады. Олар студенттердің өзбетінше жұмыс істеуінің дамуына, оқу материалын белсенді түрде игеруге көмектеседі, болашақ маманның кәсіби сапаларын қалыптастырудың алғышарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет