Жоғары оқу орындарында интербелсенді семинар (практикалық) сабағын өтудеоқыту әдістерініңинтерактивті түрлерін пайдалануға болады. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс,пікірталас талас, оқу пікірсайысы; «Сократтық ойындар», ойындық жобалау; ми шабуылы, дөңгелек үстел, конференция сабақ және тағы басқалар жатады. Көрсетілген интерактивті әдістердің кейбірінің семинар (практикалық) сабақта қолданылуына тоқталып өтсек. Интербелсенді семинар сабағында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың негізгі мақсаты оқытылып отырған курстағы мәселелерді студенттердің меңгеру денгейін, олардың ұстанымдары қаншалықты нық екендігін анықтау және бүгінгі күндегі күрделі, өзекті мәселелерді талдауға, өзіндік пікір айтуға, іздене білу қабілеттерін шындау болып табылады. Белсенді әдістердің семинар сабақтарында пайдаланылатын тиімді түрлеріне:пікір сайыссеминар, семинарпресс-конференция болып табылады. Ал пікір –сайыс семинардың бірнеше түрі бар, олар: құрылымдық немесе регламенттік пікір –сайыс, ойындық модельдеу элементтермен сипатталатын пікір –сайыс, жобалық мәселені талқылау болып бөлінеді. Сонымен интербелсенді семинар сабағында оқытушы интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттің еркін ойлануына, ақыл-ойын дамыуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, ұжымдық іс-әрекетке, тіл байлығын жетілдіруге,жан-жақты ізденушілігін арттыруға жағдай жасайды. Ал оқытушы үшін тиімділігі, ол түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың мәнін терең ашуға, аудиторияны толық қамтуға, әр студенттің білім деңгейін анықтауға, оларды ізденіске,шығармашылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге және барлығын бағалауға болады.Интербелсенді әдістер білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына,олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |