Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу


Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі



бет9/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

1.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.

Кез келген адамзаттың алдында тұрған басты тапсырма ол – ауыр және зиянды өндірісті процестерді автоматтандыру және механизациялау негізіндегі еңбек жағдайларын жеңілдету болып табылады. Сонымен қатар өндірісте гигеналық және санитарлық – тұрмыстық жағдайларды құрып, қызметкерлердің кәсіптік ауруларымен жарақаттарын тудыратын себептерді жою және техника қауіпсіздігінің қазіргі қондырғыларын өндіріске енгізіп, кеңінен қолдану қажет. Жоғарыда аталған міндеттердің орындалуы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «еңбекті қорғау жөнінде» заңының аясында жүзеге асырылады.

Еңбекті қорғау еңбек процесі кезінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Еңбекті қорғауды басқару жөніндегі барлық жұмыстар кәсіпорынның әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады.

Мал шаруашылығындағы еңбек жүйесінің ерекше буыны болып малдар табылады. Мал шаруашылығының қызметкері арнайы құралдар мен көлікті қолданбай жұмыс атқара алмайды. Көптеген технологиялық операцияларда химиялық заттар қолданылады.

Жұмыс кезінде, яғни кәсіпорын территориясындағы іс – шараларды атқару кезінде алынған жарақат оқыс жағдай ретінде қарастырылып, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер жұмысшыларды еңбек қорғаудың жалпы ережелерімен таныстырып, өндірістік жарақаттың алдын алу сұрақтарын талқылайды.

Ауыл шаруашылығының мақсатына қолданылатын өндірістік құрылыстар санитарлық, өрт және зооветеринарлық талаптардың ережелерін қатаң сақтай отырып, салынуы қажет. Өрттің пайда болуының негізгі себебіне технологиялық және электротехникалық қондырғыларды тасымалдау, орнату ережелерінің бұзылуы жатады. Кенеттен туындаған өртті сөндіру үшін су, топырақ кеңінен қолданылады.

Курстық жұмысты орындау барысында пайда болатын зиянды биологиялық факторға – ауру тудыратын паразиттердің әр түрлері, ал химиялық факторларға – химиялық препараттар, дезинфектанттар және олармен дұрыс жұмыс жасамау жатады.

Шаруашылықта көптеген профилактикалық және емдік шараларды жүргізу үшін қажетті арнайы малды бекіту орындары жоқ. Осыған орай малдан жарақат алу қаупі бар.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қарастыра келе, төмендегі жағдайларды ұсынуға болады:

1.«Даулет» шаруа қожалығында еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының конституциясына орай жүргізіледі, яғни оқыс жағдайлар мен өрттердің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі.

2. Шаруашылықта жеке бас гигиенасы ментехника қауіпсіздігін дұрыс

сақтамаған жағдайда, биологиялық және химиялық факторлар тарапынан

көптеген қауіптіліктер бар.

Осының негізінде төмендегілерді ұсынуға болады:

1.Барлық жұмысшылар еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігінің

ережелерінің орындалуын қатаң түрде қадағалау қажет.



  1. Кез келген істен шыққан техниканы тасымалдауға тиым салынуы қажет

Арнайы мал бекітетін орындар мен жұмыс барысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы орындар жасалу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет