Тақырып: Педагогика тарихында дидактикалық теориялардың дамуы



Дата18.04.2020
өлшемі20,99 Kb.
#62971
Байланысты:
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты

Баяндама

Тақырып:Педагогика тарихында дидактикалық теориялардың дамуы.

Тобы:Тп 19-10кс

Орындаған:Пардабаева Мадина.

Қабылдаған:Махмутова Гүлсара.

Тақырып:Педагогика тарихында дидиактикалық теориялардың дамуы.

1.Дидактика оқыту процесі.

2.Қазақ педагогтарының педагогикалық көз –қарастары.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.Дидактика алдына үш сұраұқ қояды, кімді оқытымын?,нені оқытымын?,қалай оқытымын?. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Педагогика тарихында дидактикаға үлес қосқан педагоктардың оқу жуйесіне көз-қарастары түрліше болған.Мысалы: Ушинискийдің тілімен айтқанда оқу жүйесіне барлық сезім мүшелері қатыссын(көз,құлақ,иіс).қатыстырып, оқушылырдың белсенділін артыратын ерекше жол екенін айтады. Ал Ыбырай Алтынсарин оқыту жуйесіне ерекше мән береді.Балаға тиянақты білім беру ,оқуды ерекше жолмен өмірмен байланыстыру , мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық принциптерді ұстанады. Жүсіпбек Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі бір ереже заңдарын баядайтын оұытудың дұрыс жүйесін тауып,білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негігі бөлімі –дидактикаға ғылыми анықтама берген.Оның пікірінше мұғалімнің айналысатыны –үнемі қозғалып ,өзгеріп,өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан ,біркелкі әдіспен табан алмай,шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес ,ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер...Дидактика мұғалімге жалпы жол –жоба көрсетіп ,жетекшілік етеді...сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды.’’-деп оқыту ,білім беру әдісінің қатып-семііп қалған догма емес ,үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін атап өтеді. М.Әуезов –Қазақстандағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының салаларында арнаулы зертеу еңбек жазбағанымен,оқу мен оқыту мәселесіне айрықша көңіл бөлген.1920-1930жылдары Қазақстанда оқу- ағарту ісіндегі проблемалардың бірі ұлт жастарына ана тілінде жазылған оқу бағдарламасын жасады. С. Қожахметов «Егер білім саналы түрде берілмесе, ол берік əрі тиянақты қабылданбайды. Саналы түрде меңгерілген білім мен тиянақты қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда ең шешуші принцип – білімнің саналылығы» деп тұжырымдады .С. Қожахметов өзінің еңбектерінде оқыту процесін, сабақты, оның құрылыстарын, сабақ сапасын, түсіндіру, үйрету тəрізді тəсілдерді қарастыра келе, оқытудың бірнеше шарттарын жүйелеп көрсетеді:

1. Мұғалімнің мəселені түсіндіруі ашық, айқын ұғымды болуы керек.

2.Жаңа материалдар өткендегі материалдарға негізделініп, арасында тығыз байланыс жасалу керек.

3. Кейде оқушылардың алдына ойлануды керек қылатын мəселелер қойып, мұны шешуге барлық оқушыны қатыстыру керек.

4.Ауызша айтуға мұғалім көрнекі құралдармен байланыстырып отыруы тиіс.

5. Мұғалім оқушылардың назарын аударатын əртүрлі шаралар қолдануы шарт, мысалы, сабақ үстінде оқушылардан кенеттен сұрау, даусын құбылту, дене қимылдарын өзгерту, бұл материалдар- ды келешекте оқушылардан сұрайтынын ескерту, т.б

6. Сабақты эмоционалды түрде беру, оқушылардың сезіміне əсер ету – оларды сабақтың мазмұны арқылы көңілді, қуанышты күйге түсіру.

7. Əрбір сабақтың аяғына қысқаша қорытынды жасап, оқушылардың түсінген, түсінбегендігін де тексеріп отыруы керек

8. Ілгері жүруге асықпай, өткен сабақты тиянақты етіп, ылғи жаттықтырып пысықтау жұмыстарын жүргізіп отыруы керек» . Осы зерттеулерінің нәтижесінде “Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы”, “Мектепті құрайтын үш мәселе” атты еңбектерін жазды. Бірақ Ушинискийдің демократтық көзқарасы патша чиновниктеріне ұнамай, 1862 ж. шетелге кетуге мәжбүр болды. 1862 – 67 ж. шетелдерде мектеп істерін зерттеумен айналысты. Ушинискидің педагогикалық қызметі басыбайлылық құрылыстың дағдарысы, қоғамдық-демокр. қозғалыстың өрлеуі, онда рев.-демократтық бағыттың қалыптасу кезеңдерінде өтті. Сол себепті, оның педедагогика жүйесінің негізгі өзегі білім беру мен оқытудың жүйесін демократияландыру болды. Тәрбиенің халықтығы, халықтың тарихи процестегі шығармалар күші мен білім алу құқығын қорғау идеясы У-дің пед. жүйесінің негізіне айналды. Ол басыбайлылыққа қарсы болды, баланы жазалап оқытуды айыптады. Оқытудың сыныптық жүйесін қуаттады. Білім беру ісі мен тәрбие ісін қатар жүргізу керектігіне, оқытуың көрнектілігіне, білімнің тәжірибемен байланысына ерекше мән берді. Оқытудың дидактикалық негізін қалап, педагогика ғылымын ең озық ғылым дәрежеге көтеруді, оны әрі ғылым, әрі өнер деп бағалауды ұсынды. Ол мектептегі тәртіп мәселесіне баса көңіл бөлді, оқушыны үнемі қорқыту, жазалау әдісімен оқытуға қарсы болды. Баланы саналы тәртіпке үйретуге зер салды, мұғалім мектепте басты тұлға деп санады.қойылатын дидактикалық талаптарды осылайша қарастырған. Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841)дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Комменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтер болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді. Мағжан – елдің патриоты, қазақ баласы.Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі»1925, «Сауатты бол» 1926, « Педагогика» 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.

Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан – жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі. Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Серғазы Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі»



2.Каракулов «Педагогика» Шымкент 2008.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет