Қазақ тілі пәнінің аудандық семинары
Дайындаған: Календиров Әзірхан
Нұрмағанбетұлы
Дөң орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Хромтау ауданы
2014 жыл. Қаңтар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазба жұмыстары және оларға қойылатын бірыңғай талаптар.
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принципіне негізделініп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.
Сол мүмкіндіктердің ең бастысы – қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы жазу жұмыстарының белгіленген нормалары мен бірыңғай талаптарының қатаң сақталынуы. Бұл жайлар әрбір мұғалімге бұрыннан-ақ таныс, белгілі, күнделікті жұмысында кеңінен қолданып жүрген жайлар. Әйтсе де әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін, жеке тұлға мен жалпыға бағытталған жұмыс түрлерін жобалау және өткізу түрлері мен талаптарының әр мектепте әртүрлі жағдайда болып келетіндігі ойлантатын жағдай. Сондықтан да әр кезеңде, әр әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетіліп жүрген жазба жұмыстарының нормасы мен оларға қойылатын талаптарды бір жүйеге түсіріп, ортақ бір пікірге келер кез жеткен секілді.
Ең алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жүргізуде қойылатын басты талап – ол оқушылардың жазу сауаттылығы мен көркемдігі, маңыздылығы.
Сыныпта және үйде орындайтын жұмыс түрлерінің толыққанды болуы.
Осы талаптарды орындау барысында оқушылардың тіл білімі саласында "үнсіз графика" аталатын бірыңғай талаптарды орындай білуі аса маңызды болып саналады. Себебі, белгілі бір заңдылыққа сүйеніп жүргізілген жұмыс, біріншіден, оқушының сауаттылығын танытатын болса, екіншіден, көркемдік жағынан да маңызды әсер етеді. Олай болса сол бәрімізге таныс деп саналатын бірыңғай талаптар дегеніміз не? Олар:
Оқушы дәптерінің (немесе бақылау жұмысы парағының) сырты белгіленген үлгі бойынша 7-жолға (1-жол абзацтан басталынады) үнемі толыққанды түрде толтырылады. Мысалы: ..............орта мектебінің ..... – сынып оқушысы .............. қазақ тілі пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (... тоқсан соңында қазақ ...... пәнінен орындаған ....... жұмысы).
Дәптерге жазу әрқашан бірінші жолдан (сызықтан) бастап жазылады.
Күннің жады міндетті түрде сөзбен жазылуы керек.
Күннің жадынан соң тақырып не жаттығудың реті араға жол тастамай жазылады.
Тақырып не жаттығу ретінен соң бір жол тасталынып мәтін жазылады.
Мәтіннің бірінші жолы міндетті түрде (өлеңнен басқа) абзацтан басталынады.
Мәтіннен соң бір жол тасталынып келесі мәтін жазылады.
Жаттығу жұмыстарының арасына бір жол қалдырылып (ортаға жаттығу реті жазылады) отырылады.
Абзац жиек сызығынан үш әріп еркін сиятын көлемде қалдырылады.
Абзацтан басқа жолдар жиек сызығына тақалып жазылады.
Дәптер парағын жартылай бос тастап пайдалануға болмайды. Ондай
жағдайда баған түрінде жазу ұсынылады.
Әрбір әріп каллиграфия нормаларына сай салынуы тиіс.
Оқушы қате жіберген жағдайда ол боялып сызылмайды. Қате кеткен
сөз не сөйлем жақшаға алынады.
Қателер түрі қызыл сиямен жиек сызығының сыртына көрсетіледі.
Қателерді көрсетудің ұсынылған шартты белгілері:
а) / - емле қатесі,
ә) ۷ - тыныс белгісі қатесі,
б) - стильдік қате,
в) - абзац,
г) - сөз тастау.
16. Баға парақтың сол жағына мәтіннен кейін қойылады (бастауыштан
басқа сыныптарда).
Дәптер бойынша қателерді тексерудің түрлері:
Қателердің үсті қызыл сиямен сызылып, жоғарысына анықтап жазылады.
Қателер жазудың үстінен қызыл сиямен түзетіліп жазылады.
Қателердің үсті сызылып, жиек сызығының сыртына, сол жолдың тұсына шартты белгілері қойылады.
Қателер түзетілмей сол жолдың тұсына, жиек сызығының сыртына шартты белгілері қойылады.
Қателер түзетілмей тек асты сызылады.
Соңғы екі әдіс оқушылардың жіберген қателерін өздері түзетулеріне бағыт-бағдар береді. Ойын, білімін жинақтауға көмектеседі.
Оқушы дәптерлері 5-сыныпта күн сайын, 6-8-сыныптарда аптасына 1 рет, 9-11-сыныптарда айына бір рет тексеріледі. Әдебиет пәнінен айына екі рет тексеріледі.
Енді оқушылардың сыныпта және үйде орындайтын жазба жұмыстарының көлеміне тоқталайық:
5-сыныпта – сыныпта 3, үйде 1 жұмыс,
6-сыныпта – сыныпта 2, үйде 2 жұмыс,
7-11-сыныптарда – сыныпта 4, үйде 3 жұмыс орындалуы керек,
немесе:
5-сыныпта – 7-8 жол,
6-сыныпта – 9-11 жол,
7-сыныпта – 12-15 жол,
8-сыныпта – 16-20 жол,
9-сыныпта – 21-25 жол,
10-сыныпта – 26-30 жол,
11-сыныпта – 31-35 жол.
Әдебиет пәнінен 50 сөздей жазылуы тиіс.
Бағдарламаға енгізілетін жазба жұмыстарының түрлері мен саны:
5-сыныпта – 8 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 2/2 шығарма,
6-сыныпта – 6 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 2/2 шығарма,
7-сыныпта – 5 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 3 шығарма,
8-сыныпта – 5 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 3 шығарма,
9-сыныпта – 3 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 4 шығарма,
10-сыныпта – 2 сынақхат жұмысы, 3 мазмұндама, 5 шығарма,
11-сыныпта – 2 сынақхат жұмысы, 4 мазмұндама, 5 шығарма жұмысы алынады.
Оқу жылдамдығын меңгермей ешқандай оқушы толыққанды білім ала алмайтыны белгілі. Сондықтан да айына 1 рет әрбір сыныптан оқу жылдамдығы алынып, талқыланып, басшылыққа алынып отырылуы керек.
Оқу жылдамдығымен бірге әрбір сыныпқа арналған жазба жұмыстарының көлемін, бағалау нормаларын да қайта бір еске салып өткен жөн.
5-11-сынып оқушыларынан бағдарламаға сай талап етілетін оқу іскерлігі мен дағдыларының жоба көрсеткіші:
І. Оқу жылдамдығы. (1 минутта)
Достарыңызбен бөлісу: |