Сыныбы
|
Оқушы
|
Жазу шапшаңдығы
|
Сөйлеу
|
Дауыстап
|
Іштей
|
Монолог
|
Диалог
|
5
|
120 сөз
|
140-170
|
60 белгі
|
7-8 сөйлем
|
6-8 сөйлем
|
6
|
140 сөз
|
170-210
|
70 белгі
|
2 минут
|
6-8 сөйлем
|
7
|
150 сөз
|
210-250
|
70 белгі
|
2 минут
|
6-8 сөйлем
|
8
|
150-ден артық
|
210-270
|
80-100 белгі
|
3 минут
|
8-10 сөйлем
|
9
|
150-ден артық
|
270-290
|
100 белгі
|
3 минут
|
10-12 сөйлем
|
10
|
150-ден артық
|
290-310
|
100-120 белгі
|
4-5 минут
|
10-12 сөйлем
|
11
|
150-ден артық
|
310-330 артық
|
120-дан артық
|
4-5 минут
|
10-12 сөйлем
|
ІІ. Сынақхат нормалары.
Сыныбы
|
Сөздер саны
|
Орфограмма саны
|
Тыныс белгілері
|
5
|
90-100 сөз
|
12
|
2-3
|
6
|
100-110 сөз
|
16
|
3-4
|
7
|
110-120 сөз
|
20
|
4-5
|
8
|
120-150 сөз
|
24
|
10
|
9
|
150-170 сөз
|
24
|
15
|
10
|
170-180 сөз
|
26
|
18
|
11
|
190-200 сөз
|
26
|
18
|
ІІ. Мазмұнадама нормалары. ІІІ. Бағалау нормалары.
Баға
|
Қателер саны
|
5
|
1/0
|
1/0
|
0/1
|
4
|
3/3
|
2/4
|
1/5
|
3
|
6/5
|
5/6
|
3/8
|
2
|
9/3
|
9/5
|
8/9
|
сыныбы
|
Сөздер саны
|
5
|
100-150 сөз
|
6
|
150-200 сөз
|
7
|
200-250 сөз
|
8
|
250-300 сөз
|
9
|
300-350 сөз
|
10
|
350-400 сөз
|
11
|
400-450 сөз
|
ІҮ. Шығарма нормалары. Ү. Оқушы дәптерлерінің саны.
сыныбы
|
Көлемі
|
5
|
0,5-1 бет
|
6
|
1-1,5 бет
|
7
|
1,5-2 бет
|
8
|
2-3 бет
|
9
|
3-4 бет
|
10
|
4-6 бет
|
11
|
6-8 бет
|
сыныбы
|
Жұмыс
дәптері
|
Сынақхат
дәптері
|
Шығарма дәптері
|
Мазмұндама дәптері
|
5
|
2
|
1
|
|
1
|
6
|
2
|
1
|
|
1
|
7
|
2
|
1
|
|
1
|
8
|
1
|
1
|
|
1
|
9
|
1
|
1
|
1
|
1
|
10
|
1
|
1
|
1
|
2
|
11
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Мазмұндама мен шығарма жұмыстарына екі баға қойылады. Біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін.
Қазақ тілі, яғни, сауаттылығы үшін алынған баға сынып журналының қазақ тілі пәні парағына қойылады. Журналдың күннің жады жазылатын жеріне шаршыны бос қойып төменге сауаттылығынан алынған бағалар қойылады. Үй тапсырмасының кестесінің орны толтырылмайды. Қазақ тілі пәнінің күндері әрі қарай бағдарламаға сай толтырылады. Әдебиет пәні парағына шығарма бағасы қойылады. Бір шаршыға екі баға қоюға болмайды.
Сынақхат мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіні:
Сынақхатты бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке-жеке есептеледі де, жалпы бір баға қойылады.
Бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады.
Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады.
Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.
Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенмен, қатеге саналмайды.
Сынақхат мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі.
3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Жоспар құру – оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
Мазмұндылығы мен идеялылығы.
Ой-пікірінің жүйелілігі.
Стилі.
Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білуі, сөйлемдерді дұрыс құру сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.
Мемлекеттік емтихан кезінде сынақхат жазуға астрономиялық 2 сағат, мазмұндамаға 4 сағат, шығармаға 6 сағат беріледі.
Сыныпта жазылатын жазба жұмыстарына 1 сағат уақыт, шығарма жұмысына қатарынан екі сағат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |